Біздің Қостанай

Отбасылық спорттық сайыстың жеңімпазы Тайжановтар отбасы

Қостанай қаласының Әлихан Бөкейханов атындағы жалпы білім беретін мектебі жанындағы шағын орталығының «Жұлдыз» тобында «Үндестік» бағыты аясында «Біз ептіміз, күштіміз!» тақырыбында отбасылық спорттық сайыс өткізілді. Сайысқа сегіз отбасы қатысты.

Шараның негізгі мақсаты ата-аналармен тығыз байланыс жүргізу, олардың шағын орталық өміріне белсене қатысып, балаларымызды салауатты өмір салтына бейімдеп, ептілікке, алғырлыққа тәрбиелеу.

Іс-шараны алғы сөзімен мектеп директоры Жанар Кушанова ашып берді. Жанар Асанқызы кішкентай бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, алтын уақыттарын бөліп келген ата-аналарға алғысын айтты.

Жарыстың әділқазыларымен таныстырылып, ойынның кезеңдері мен шарттары айтылды.

«Жеті атасын білмеген – ұл жетесіз, Жеті ғасыр тарихын білмеген – ел жетесіз» – дегендей, ойынның бірінші кезеңінде қатысушылар ата-тегін, руын, жеті атасын, өз отбасындағы үлкен ата-әжелерін мақтан тұтып, таныстырып өтті. Баланың өзінің шыққан тегін білуіне көбірек көңіл бөлінді.

Екінші кезеңде аналар мен балалар спорттық шеберліктерін ортаға салды. Үшінші кезеңде мәреге бірінші болып келген бала жеңіске жетті.

Осы алты кезеңдегі ойындардың ерекшесі төртінші кезең болды. Қазақтың ұлттық ойыны «Өгіз тартыс» ойынында аналар сайысқа түсті. Жеңіп шыққан аналарға ең көп балл берілді. Содан кейін балалармен кеңінен таралған ұлттық ойынымыз «Арқан тартыс» ойнатылды. Балалар қызыға, құмарлана белсенді ойын көрсетті.

Алтыншы кезеңде аналар балалармен бірге ептілік танытып, құрсаумен допты мәреге сүйреп алып келулері керек болатын. Доп құрсаудың ішінен шығып кетпеуі тиіс. Бұл ойында да қатысушылар жақсы нәтиже көрсетті.
Сайыс соңында «Алға, Қазақстан!» әніне аналар балалармен флешмоб биледі.

Қатысушылар «Жеңімпаз отбасы», «Шапшаң отбасы», «Мерейлі отбасы», «Талантты отбасы», «Спортшы отбасы», «Өнегелі отбасы», «Парасатты отбасы», «Белсенді отбасы» номинацияларымен марапатталды.

Топты жарып шыққан жеңімпаз атанған Тайжановтар жанұясы болды. Іс-шара сонынан барлық қатысушыларға сыйлықтар мен марапаттар табыс етілді.

Гүлжанат НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ, «Жұлдыз» тобының тәрбиешісі


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77