Әлем елдерінің кейбірінде «Президент» пен «Президенттер» күнін атап өту дәстүрлі іс-шара болып табылады
Әлемдегі 200-ден астам тәуелсіз елдердің басым көпшілігі Президенттік және Жартылай президентік мемлекеттік басқару формасын ұстанады. Сонын ішінде Америка Құрама Штаттары, Маршалл аралдары, Ангола, Исландия Тәжікстан, Түркіменстан және Қазақстан елдерінде «Президент күні» мерекесі мемлекеттік деңгейде аталып өтеді.
Жоғарыда аталған мемлекеттерді 3 хронологиялық кезеңге бөлуді жөн көрдік. 1-кезеңге: Америка Құрама Штаттарын жатқызамыз. Өйткені бұл мемлекеттің тәуелсіз ел ретінде өмір сүру уақыты тізімде көрсетілген елдермен салыстырғанда ұзақ болып табылады, яғни 2021 жылы бұл мемлекеттің егемендігіне 245 жыл толады. 2-кезеңге: Екінші соғыстан кейін ұлт-азаттық күрестің нәтижесінде өздерінің тәуелсіздігіне ие болған елдер. Олар: Маршалл аралдары, Ангола және Исландия. 3-кезеңге: Орта Азия елдерін, яғни Кеңес Одағы ыдыраған уақыттан бастап өз алдына тәуелсіз ел болған мемлекеттерді жатқызуға болады. Сонын ішінде Қазақстан, Түркменстан және Тәжікстан Республикалары.
Бұл хронологиялық кезеңдерді ескере отырып, бірінші кезекте, дәл осындай маңызды мерекенің аталуына себепкер болған саяси оқиғаларға мән беріледі.
Жоғарыда аталған елдерде «Президент күні» мерекесінің пайда болуына себепкер бірден-бір саяси-тарихи оқиға – бұл тәуелсіз елдің құрылуымен байланысты болды. Бұл мемлекеттерде осы тәуелсіздікті бекіту және оның қалыптасуына әсер еткен саяси элиталары өздерінің зор үлестерін қосты. Солардың ішінде атап өтсек, Америка Құрама Штаттарының егемендігі – Джордж Вашингтон, Маршалл аралдарында – Амата Кабуа, Анголада – Агостиньо Нето, Қазақстанда – Нұрсұлтан Назарбаев, Тәжікстанда – Эмомали Рахмон, Түркіменстанда – Сапармұрат Ниязов сияқты көсемдерінің есімдерімен тығыз байланысты. Тізімде көрсетілген мемлекеттерде «Президент күні» мерекесі елдегі Ұлт көсемдерінің туған күндерімен және президенттік билікке сайланған күндерімен (тұңғыш президент ретінде) сабақтастырылған. Мәселен, бұл мейрам бастапқыда АҚШ-та Дж. Вашингтонның есімімен байланысты болды. 1782 жылдан бастап 22 ақпанда аталып өтілетін, кейін 1885 жылы жалпыұлттық деңгейде тойлауға жарлық шығады. Сондай- ақ, Маршалл аралдарында – 17 қарашада, Анголада – 17 қыркүйекте, бірақ бұл елде мерекенің атлуындағы бір ерекшелігі – «Ұлы қаһармандар күні» деп аталады. Тәжікстан Республикасында – «Президент күні» мейрамы 16 қарашада – Э. Рахмонның президенттікке сайланған күні аталып өтілетін, дегенменде соңғы кездері парламенттің төменгі палатасы жаңа мейрам күні ретінде депутаттар 5 қазан (президент Эмомали Рахмонның туған күні) немесе 19 қарашаны (1992 жылы осы күні Рахмон Тәжікстан Жоғарғы кеңесінің төрағасы болып сайланған) таңдауды ұсынып отыр. Ал, Қазақстан Республикасы (1 желтоқсанда) мен Түркіменстан Республикасында (21 желтоқсан) президенттік билік келген күні атап өтіледі. Сонымен қатар, АҚШ-та бұл мейрамды тойлау барысы уақыт өте келе өзгеріске ұшырағандығын байқаймыз. 1971 жылы Конгресс президент Никсонның қолдауымен заң жүзінде ақпан айының үшінші дүйсенбісі «Президенттер күні» болып бекітілді. Бұған себеп Джордж Вашингтонның есімімен қатар, Авраам Линкольн сияқты саяси тұлға ел тарихында маңызды рөл атқарған. Біріншісі – Тәуелсіз мемлекетті құрған болса, екіншісі – Азаматтық соғыс барысында Солтүстік және Оңтүстікке бөлінген елді, яғни құлдық жүйені жою арқылы мемлекеттің біртұтастылығын сақтап қалды. Жалпы АҚШ елінің саяси тарихында 45 президент билік басына келген. Сондықтанда президенттік басқару формасымен өмір сүрген мемлекеттің дамыған мемлекеттердің қатарынан түспеуіне себепші болған өзгеде президенттердің еңбегін бағаласа керек. Жалпы бүгінде Қазақстан Республикасы дамудың даңғылына түсе отырып, әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан ойып тұрып орын алуға ұмтылған еді. Бұл белестің де, одан да зор асулардың да бағындырылатындығы сөзсіз. Оған Елбасымыздың бастамасымен қабылданған «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» бағдарламасы, «100 нақты қадам» ұлт жоспары өз септігін тигізері анық. Сол себепті Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің қатарына қосатын «Ел тұлғасы» алдағы екі ғасырда келетіндігіне мол сеніммен қараймыз.
Руслан Жусупов,
Ы. Алтынсарин мемориалдық
музейінің аға ғылыми қызметкері
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77