COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

Выздоровевших

Зарегистрированных случаев

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

Летальных случаев

Здравоохранение Новости

Әр азаматтың емханаға бекітілгені абзал

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

Келер 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған азаматтар тереңдетілген медициналық тексеруді немесе жоспарлы операцияны тегін ала алады. Емдеуші дәрігердің жолдамасы бойынша науқасты медициналық сақтандыру Қорымен келісім-шарты бар кез келген клиникада қабылдайды.

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу үшін өзіңіз бекітілген емханаға бару қажет. Тіркеу орнында сіздің ЖСН нөміріңіз бойынша сіз сақтандырылғансыз ба соны анықтайды. Егер сақтандырылған болсаңыз, онда сіз үшін диагностика мен емдеуді медициналық сақтандыру Қоры төлейтін болады, – дейді Қостанай облысы бойынша филиал директоры Сәуле Аймұхамбетова.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталық рөлге ие болады және азаматтардың медициналық көмек алуын үйлестіретін болмақ. Сол себепті әрбір азаматтың емханаға бекітілген болуы маңызды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында емханаға тіркелмеген немесе медициналық ұйымды ауыстырғысы келетін азаматтар үшін жыл сайынғы бекіту науқаны өткізілетін болады.

Өз тілшіміз


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77