Социум

Құран Кәрімді жатқа оқудан республикалық байқау өтті

Онда жерлесіміз Арайлым Амангелді жүлделі үшінші орынды иеленді

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қыздар арасында қасиетті Құран Кәрімді жатқа оқудан II республиалық байқауы өтті.
Бұл асқан білімділікті, ерекше зердені талап ететін жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 47 қари қатысып, бақтарын сынады.

Қазылар алқасының шешімімен 5 пара бойынша Қостанай облысының намысын қорғаған Арайлым Амангелді жүлделі 3-ші орынды иеленіп, мерейі үстем болды.

-Әрине, бұл байқауда бақ сынау оңайға түспеді. Үлкен толқыныс болды. Білетінімді ұмытып қалмасам деп ойлады. Бағымы орай жүрегім тынышталып, Құран Кәрімді жатқа оқып шықтым. Бұл жеңісіме өте қуаныштымын,-дейді Арайлым Амангелді.

Біз Арайлымды осы жеңісімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да жоғары деңгейдегі байқауларда да топ жарып, абыройы асқақтай берсін демекпіз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77