Біздің Қостанай ЖКХ

Әрбір көшенің өз кемшіліктері бар екендігін байқадық

Кейбір жастарымыздың рухани жаңғыруға бетбұрыс бүгіннен басталады деп түсінетіндері белгілі. Әрбір тарихи кезеңге зерделей көз салатын болсақ, Ұлы дала ұрпақтарының көреген, ойшыл, заманынан озып туған ұлдары ел-жұртының, халқының, ұлтының сана-сезімінің жаңғыруына зор үлестерін қосқанын аңғарамыз.

Адам – уақыт туындысы,  дәуірдің жанды бөлшегі. Өмірден өзі озса да,  артында өшпес із қалдырған талай тау  тұлғалардың ерлігі  мен елдің бүгінгі ұрпақ біліп өсулері тиіс. Айына бір рет қаламыздың көшелері жайында шағын мақала, түрлі суреттер мен әлеуметтік желіде рилс салынады. Бұл Қостанайдағы көшелер кімнің құрметіне аталғандығы жайында, жалпы көше туралы апарат жинаймыз. Егер сіздердің көшелеріңізде тарихи немесе есте қалатын оқиғаларыңыз болса, айта аласыздар.

2001 жылғы 28 қарашада Қостанайдағы Валериан Куйбышев көшесі Оразалы Қозыбаев көшесі болып өзгертілді. Көшенің басы Автодомның артында орналасқан. Дәл сол бойда Алтынсарин ауданы мен Қамысты ауданының аллеясы бар. Қала тұрғындарының көбі бұл көшені біле бермейді, сондықтан ұрпағы өлкетанушы Арман Қозыбаев мақаламыздың бірінде ол кісі туралы айтып кеткен болатын.

– Бұл менің атамның ағасы, ол Әлеуметтік еңбек ері, партия қызметкері, облыстық комитеттің екінші хатшысы, соғысқа қатысушы болған, – деп бөлісті Арман Қозыбаев.

60-жылдардың басында Оразалы Қозыбаев Бүкілодақтық «Торғай шақырады» починасының бастамашысы болды. Бұл Торғайдың табиғи байлығын кешенді игерудің бастамасы болды. Қысқа мерзім ішінде Торғай өңірінде ондаған совхоздар құрылды, Арқалық қаласының құрылысы, Торғай боксит кен орындарын игеру басталды.

Оразалы Қозыбаевтың есімімен Қостанай мен Арқалықтағы көшелер ғана емес, аудандарда да көше атаулары бар. Қозыбаевтардың тегі елде және оның басқа тасымалдаушыларының еңбегі үшін белгілі. Қазақстандық ғалым-тарихшы Манаш Қозыбаевтың есімін ҚЖБИ ауданындағы №23 мектеп алып жүр. Петропавлда оның құрметіне университет, ал Алматыда көше аталған.

Сонымен қатар, біз осы көшеден өтетін, осы көшемен жұмысқа, не сабаққа баратын бірнеше адамдардан Оразалы Қозыбаев кім екендігін сұрастырдық. Әрине, білмеген адамдар өте көп. Көбі бұл тұрып жатқан, күнде өтіп жүрген көшесіне аса мән берілмейтіндігі байқалды.

Қозыбаевтар әулетінің барлық мүшері жан-жақты, өз Отанына үлес қосқан жандар. Солардың бірі Сағымбай Қозыбаев профессор, ондаған кітаптардың, сондай-ақ жүздеген ғылыми және газет басылымдарының авторы, Қазақстан Журналистика Академиясының президенті.

Жалпы бұл көше оннан аса көшемен қиылысады. Бір қызығы, «Балалар шығармашылық мектебі» Қозыбаев көшесі, 37 және Павлов көшесі, 72 болып, екі мекен-жайға ие. Бұл ғимарат 20 ғасырдың басында салынған және мемлекет қорғауында. 1942 жылдың тамызында Балалар музыка мектебін өзінің табандылығы, жігері мен беделінің арқасында Украинадан эвакуацияланған музыкатанушы, Харьков консерваториясының доценті Вольф Израильевич Хинчук ашты. Ол оның бірінші директоры болған.

Сонымен қатар, көшенің ортасы Жеңіс саябағының қасынан өтеді. Көптеген адамдар бұған дейін мән бермегендерін айтты.

Ал Қозыбаев көшесі, 39 үйде Қостанай мемлекеттік университеті мен Қостанай әлеуметтік техникалық университетінің негізін қалаған академик, тарих ғылымының докторы, профессор, АҚШ-тың Техас штатының және Қостанай қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Зұлқарнай Алдамжарұлы Алдамжар тұрған. Бұл үйде бейнебақылау өте көп екендігін де айта кеткен жөн.

Көше соныңда бір мәселені байқадық, бұл жиналып қалған қоқыс. Тұрғындардың басты мәселесі де осы. Қай көше жайында түсірмесек те, әрбір жердің өзінің кемшілігі бар екендігін көруге болады.

Соңғы жағында үйлер тіпті қызық орналасқан, он жағымызда 281 үй болса, сол жағымызда 326 үймен көше аяқталады. Бұл жеке сектордағы үйлердің бұрыннан бері тұрғандығын екі көше атауы жазылған тақтайшадан көре аламыз. Бірінде Куйбышев деп тұрса, екіншісінде Қозыбаев көшесі деп жазылған.

Біздің басты мақсатымыз, ең болмағанда күнде жүріп, өтіп жатқан көшеңіздің кімнің есіміне арнап аталғандығын білгеніңіз. Ары қарайда осы жобамыз өз жалғасын табады.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Абиль ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77