События

«СөйлеTime» қазақ тілі клубы Қарабалық ауданында жалғасын тапты

Ондағы қазақ тілін меңгерсем деген тұрғындардың қуанышында шек болмады

Қазақ тілін еркін форматта үйрететін Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімованың бастамасымен облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өз жұмысын бастаған «СөйлеTime» қазақ тілі клубы Қарабалық ауданында жалғасын тапты.

Клубтың басты мақсаты – қазақ тілін интерактивті қарым-қатынас форматы арқылы жайлы ортада, еркін жағдайда оқыту. Осы ретте Қарабалық ауданында болған басқарма қызметшілері ауданның қызықты адамдарымен кездесулер, кітаптарды, фильмдерді, аудандық оқиғаларды және т. б. оқиғаларды талқылау барысында қазақ тілін үйренемдеушілерге тілді үйретті.

Ауданға арнайы барған клуб мүшелері қазақ тілін үйреніп жүрген Қарабалық тұрғындары үшін айтарлықтай қолдау көрсетті.

Қарабалық ауданында клубтың ашылу салтанатына Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы басшы Г. Мендекинова, Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Т. Жабулов, клуб мүшелері мен қоғам өкілдері қатысты.

Іс-шараның екінші бөлімі квест форматында өтті. Оған қазақ тілін толық меңгерсем деген қарабалықтықтар ерекше қызығушылықпен атсалысты.

– Қарабалық ауданының тұрғындары бізді өте жылы қарсы алды. Бұл жерде қазақ тілін үйренсем дейтін жандар өте көп екен. Оларға «СөйлеTime» қазақ тілі клубының жұмысы қатты ұнады. Біз осындай білсем, үйренсем деген қарабалықтықтардың басын қосып, көптеген тақырыптарда әңгіме өрбітіп, олардың өз ойлары мен пікірлерін қазақ тілінде айта алуларына өз көмегімізді көрсеттік. Тілді емін-еркін игеріп, қазақша сөйлесем деп армандайтын жандар бізге де ерекше қуаныш сыйлады. Болашақта да клубтың жұмысы жандана түспек. Басты мақсат қазақ тілін үйрету болғандықтан, біз осы жолда талмастан жұмыс жасайтын боламыз, – дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменова.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77