Костанай и костанайцы

Сапалы білім мен тәлімді тәрбие жарқын болашақтың кепілі

Қаламыздағы №27 орта мектептің 2 «ә» сыныбының оқушысы Кәусар Зарлықованың арманы асқақ, талабы таудай

Мектептің сәні талапты, білімді, тәрбиелі шәкірт болса керек. Қаламыздағы №27 орта мектебінің 2 «ә» сынып оқушысы Кәусар Зарлықова ұстазының сүйікті шәкірті, отбасының сүйкімді перзенті.

Сабақ үлгірімі де жақсы. Оқудын қолы босаған кезде ән шырқап, сурет салады. Әсем даусымен өзі оқып жүрген білім ордасының барлық мерекелік кештерінде өнер көрсетеді. Сонымен қатар сүйікті ісі сурет салумен де айналысады. Өзінің әдемі суреттерін түрлі байқауларға жолдап отырады.

Кәусар көпбалалы отбасында дүниеге келген. Оның екі әпкесі және екі сіңілісі бар. Осындай тату-тәтті отбасында өсіп жатқан Кәусардың алдына қойған арманы асқақ. Ол өзі оқитын мектептегі тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысады. Сүйікті пәні математика болғандықтан, оған үнемі санап отыруды қажет ететін тоғызқұмалақ ойыны ерекше қызық. Аталмыш үйірменің жетекшісі Қымбат Мұратқызы Кәусардың тоғызқұмалаққа деген ерекше қызығушылығын байқап, күнделікті өзінің білгенін алғыр шәкіртіне үйретуден бір шаршамайды.

-Мен сабақты жақсы оқимын. Күнде сабақтан үйге оралған соң, тамақтанып, үй тапсырмасын орындауға кірісімен. Тапсырмаларды жасап болғаннан кейін өзімнің сүйікті істеріммен айналыса. Мысалы, әпкелерімнің бірімен тоғызқұмалақ ойнаймын. Өзіме ұнайтын әндерді айтамын және түрлі түсті бояулармен көркем сурет саламын. Шынымды айтсам осының бәрі менің қолымнан келеді. Ән айтуға, сурет салуға, тоғызқұмалақ ойнауға деген қызығушылығым күннен күнге артып келе жатқандай. Болашақта тоғызқұмалақтан чемпион болуды армандаймын. Күміс көмей, жез таңдай әнші болсам деп те ойлаймын. Тіпті кей кез дері қиылым алысқа жетелеп, атақты суретші атансам ғой деймін,-дейді талабы зор Кәусар Берікқызы.

Кім болса да балғын бала шағында болашақта кім боламын деп ойланатыны белгілі ғой. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ зор болашаққа талпынған шәкірттердің талабына нұр жаусын.

Білімге құштар, талабы зор жеткінщектер еріміздің ертеңі. Олардың кішкентайынан үлкен жетістіктерге ұмтылғаны, келешектер биік белестерді бағындыратынының нышаны болса керек.

-Отбасы деген ұлы ұғым. Мен жанұямды қатты жақсы көремін. Бізге қамқорлық танытып, сүйіспеншілікпен тәрбиелеп, өсіріп отырған ата-анама мол алғыс. Еліміздегі барлық отбасылардың бақытты ғұмыр кешуіне тілектеспін,-дейді тілі бал Кәусар.

Келешегі зор білімді шәкірттің таудай талабына бізде сәттілік тілеміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77