Кездесу барысында олар көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауап алды
Туған жерді қорғаймын деп ерлікпен қаза тапқан ерлерді елі ешқашан есінен шығарған емес. 1995 жылы сәуірде тәжік-ауған шекарасында 17 қазақ сарбазы қыршын кетті. Отан үшін от кешіп, жанын берген жалынды жастардың жауынгерлік ерліктерін жастарға үлгі ету мақсатында «КАЗБАТ» көркем фильімі жақында көрермендерге жол тартатын болады. Қостанайдағы 6697 әскери бөлімі де қайсарлықпен қаза тапқан қазақ сарбаздарын еске алып, жекеқұраммен тәжік-ауған ардагерлері Алмат Омаров және Әлқуат Мықтыбаевпен кездесті.
Ішкі әскер тарихында мәңгіге сақталған бұл оқиға 1995 жылдың 7 сәуірінде болған еді. Дәл сол жылы Памир тауының етегінде еліміздің ішкі әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасалды. Бұл кезде ішкі әскердің жеке ротасы — еліміздің бітімгершілік миссиясына сай тәжік-ауған шекарасын күзетіп жүрген болатын. Олар Тәжікстан шекарасын қару-жарақ пен есірткі дәлізіне айналдырмақ болған қарулы топтармен күресті. ҚР Ұлттық ұланы «АЮ СИНЕМА» компаниясы және «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бірлесіп түсірген көркем фильмі толығымен осы 17 жауынгердің ерлігін баяндайды. Бүгінгі сарбаздармен кездесуге келген Әлқуат Мықтыбаев, ерлікпен қаза болған 17 сарбазбен бірге әскери қызмет атқарғанын, олардың қандай азамат болғандарын көзіне жас ала отырып жауынгерлерге жеткізді.
Содырлардың соққысына ерлікпен төтеп берген сарбаздармен қарулас болған достарының тағы бірі Алмат Омаров. Сұхбат барысында 17-18 жасар жастардың шекарада ерлік жасағаны, олардың достарға адалдығын жеке құрамға ардагерлік ақыл ретінде айтты. Сонымен қатар 6697 әскери бөлімі ардагерлерімізге 17 сарбазымыздың ерлігін баяндайтын өлеңдері мен әндерін ұсынды.
Сұхбат барысында, сарбаздар мен бірге тәжік-ауған қақтығысында болған ардагерлеріміз «КАЗБАТ» көркем фильмінің шағын ролигін тамашалады. Кездесу соңында ерліктің ешқашан ұмытылмайтындығының тағы бір белгісі ретінде әскери кітапханадан көрмелер де қойылған.
Мұндағы кітаптардан кеш қонағы Әлқуат Мықтыбаевтың есімін кездестіруге болады. Осылайша ардагерлер мен әскерилер Отан үшін жан қиған батырларды еске алып, ерліктерін ұлықтады.Бөлім командирінің орынбасары подполковник Бауыржан Шораев осындай игі шаралар әрі қарай жалғасын табатынын айтты.
Қымбат Шұғайып,
Қостанай қаласының 6697 әскери бөлімінің кіші сержанты
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77