События

Сатирик, ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлары фестивалі өтеді

Кешке «Парасат» орденінің игері, ақын, сатирик Көпен Әмірбек және Сейіт Кенжеахметовтың ұрпақтары қатысады

Қостанайда 27-28 сәуір күндері сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» Республикалық әзіл-сықақ театрларының фестивалі өтеді. Шара Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде болады.

Мақсат – Сейіт Кенжеахметовтың шығармашылық мұрасымен танысу. Облыстағы әзіл-сықақ театрларының орындаушылық шеберігін шындау, өңіріміздің талантты өнерпаздарын анықтау, әзіл-сықақ театрларының бір-бірімен тәжірибе алмасуы арқылы өнерлерін жетілдіру, жандандыру.

Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан айтулы сатира сардары, сықақшы, танымал фольклорист, этнограф, жазушы, Сейіт Кенжеахметов атындағы фестивальге Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің игері, ақын, сатирик Көпен Әмірбек, Сейіт Кенжеахметовтың ұрпақтары кештің құрметті қонағы болады.

Сонымен қатар, фестивальде Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай облыстарының әзіл сықақ театрлары қатысады.
Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

27 сәуір сағат 15:00 – бірінші кезең;
28 сәуір сағат 10:00 – екінші кезең;
28 сәуір сағат 15:00 – марапаттау.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77