Еліміздегі өзекті мәселенің бірі қоршаған ортаның ластануы болып отыр
Қазіргі кезеңде экологиялық проблемма – ұлттық, аймақтық және ғаламдық тұрғыда өзектi мәселелердің бірі. Сондықтан да айнала қоршаған ортаны қорғау мақсатына бағытталған күрделі іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі күні қоғамда көптеген өзекті де өткір мәселелерді шешу, көп ретте азаматтық қауымдастықтың даму деңгейін өрістетуге, жеткіншектер мен жастардың экологиялық мәдениетін еселеуге, қоршаған ортаға деген құрметін, Табиғат-Анаға деген азаматтық сүйіспеншілігін қалыптастыруға тікелей байланысты. Осыған сәйкес қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде балаларға экологиялық тәрбие беру – оқу-тәрбие үрдісіндегі әлеуметтік мән-маңызы зор, сондай-ақ құнды бағыттардың бірі. Табиғатты қорғау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
Осыған байланысты бүлдіршіндеріміздің қоршаған орта-Табиғат-Анаға деген мейірімділігін, қамқорлығын ары қарай дамыту мақсатында «Ақ кеме» мектеп алды даярлық тобында «Табиғат құбылыстары» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалар өздеріне келген конақты ертіп, табиғатқа серуендеуге шықты.Серуен кезінде: табиғат бөліктерін атап, оларға қамқорлық жасау тәсілдерін көрсетіп, серуеннен өздері де көп пайдалы ақпарат алды. Серуен барысында кездескен тапсырмаларды орындап, білімдерін жетілдірді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінде интербелсенді тақта, заманауи ойыншық құрылғы «Робомышь», магнитті конструкторлар, үлестірмелі тапсырмалар қолданылды.Балалар саяхат барысында өз білімдерін көрсетіп, өздері де саяхаттан жақсы әсер алды.
Бұл бүлдіршіндер болашақта елінің табиғатын қорғайтын азаматтар болып өседі деп кәміл сенеміз!
Жансая Турсынбаева,
№12 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77