Новости События

Шаһарымыздағы «Жайлаубай ата» мешітінде студенттерге арналған кездесу болып өтті

Онда жиналған жастарға Отанды сүю, ұлтын құрметтеу жайында жан-жақты айтылды

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде Нұр-Сұлтан қаласында болып өткен ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» құжаттамасына байланысты «Жеті рухани қазық» атты кездесу болып өтті.

Оған Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен Аграрлық-техникалық институтының студенттері қатысты. Мұнда аталмыш жоғары оқу орнының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып қозғалған маңызды тақырыпты басшылыққа ала отырып, Отан, бірлік, ұлтты сүю жөнінде әңгіме өрбітті.

Бұл кездесуге жиналған жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Басқосуда шаһарымыздағы «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Дархан Қосылбаев «Жеті рухани қазық» тұжырымдамасын жан-жақты түсіндірді. Сондай – ақ, оның әріптесі Мейрамбек Жетесов те кездесудің өз деңгейінде өтуіне белсене атсалысты.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77