Шекара қызметіне — 34 жыл: орталық алаңда әскери қызметкерлердің салтанатты шарасы өтті

Мереке қарсаңында шекарашылар көрме ұйымдастырып, марапаттарға ие болды

Облыс орталығының орталық алаңында әскери қызметкерлер Шекарашылар күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Орталық бір сәт әскери қызметшілердің көрме алаңына айналды. Жарылғыш заттар мен есірткі іздерін анықтаудың портативті детекторы, радиоактивті сәулелену көздерін іздеу құралы, өткізу пункттерінде мемлекеттік шекарадан өтетін адамдарды тіркеу және құжаттарды жедел бақылау, бөлме, көлік, жүктер мен басқа да нысандарды жіті тексеру секілді құралдар мен түрлі көлік техникаларының түрлері қала тұрғындарын бей-жай қалдырмады.

Көрмені тамашалауға жиналған жұрт көп болды. Олардың ішінде шекара қызметінде 15-20 жылдай қызмет атқарған зейнеткерлер де кездесті.

— Мен шекара қызметінде 15 жыл қызмет еттім. Қазір зейнеттемін. Әрине, мына көрмедегі құралдар мен үшін таныс, әрі ыстық, — деп зейнеткер Людмила Чабан өз қызмет жылдарын сағынышпен еске алды.

Салтанатты шараға сап түзеген әскерилер де шырай қосты. Шекарашылар күнінің 34 жылдық мерекесіне орай әскери қызметкерлер қажырлы еңбектері мен ел тыныштығын сақтап қырағылық танытқандары үшін облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың марапаты, ҰҚК Департамент бастығының және ШҚ Департамент бастығының марапаттарына ие болды.

Облыс әкімі атынан шекарашыларды орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтап, марапаттарын табыстады.

— Құрметті шекара қызметінің ардагерлері мен қызметкерлері! Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі басшылығына, офицерлерге, келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшілерге, сондай-ақ ведомствоның ардагерлеріне зор құрметімізді білдіреміз. Шекара қызметіне 34 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын, — деп облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов тілегін жолдады.

Шекара қызметінің жүгі ауыр, жауапкершілігі жоғары. Дегенмен осы қызметке келуші жастар толастар емес. Олардың дені 18 бен 22 жас аралығындағы қыздар мен жігіттер. ҚР ҰҚК ШҚ-нің Қостанай облысы бойынша департаментінің бақылаушысы, сержант Айман Кипшакбаеваның сөзінше, қызметке қабылданбас бұрын жаңадан келген жастар Қарабалық ауданындағы «Қайрақ» өткізу пунктінде бір айлық оқудан өтеді.

— Қызмет ауыр болғанымен жастар көптеп келіп жатыр, әсіресе қыз балалар. Қатарға сәуір айының өзінде 10-12 қыз қосылды. Бір айлық оқуды оқып, ант қабылдап, қызметке кірісті. Жалпы жастар жағы жыл бойы үздіксіз келіп жатады, — дейді ол.

Ұлту Жүзбай, суретті түсірген автор

 

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.