События

Соғыс туралы естелік кітаптар жүрегімізде

Іс-шара барысында балалар көкейлерінде жүрген соғыс жайында сұрақтарына нақты жауап алды

А. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері ГБУК «Самарская областная детская библиотека» жариялаған «Балаларға соғыс туралы оқимыз» XII Халықаралық акциясы аясында «Соғыс туралы естелік кітаптар жүрегімізде» дауыстап оқу шарасы өткізілді. Оған №2 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушылары, құрметті қонақтар – ҚР Білім беру ісінің үздігі, педагогика ғылымдары академиясының мүшесі, ақын Александра Суслова, ҚР Білім беру ісінің үздігі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Надежда Волосян қатысты.

Іс-шара басында, «Жеңіс күні» бейнеролигі көрсетіліп, қатысушылар соғыс жылдарында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Акция қатысушылары Роман Вечер және Ксения Якунина Роберт Рождественскийдің «210 шагов» поэмасынан үзінділер оқыды. Надежда Волосян Елена Кошеваяның «Повести о сыне» шығармасын көпшіліктің жүрегіне жеткізе білді.

Оқылған шығармаларды талқылау барысында балалар, «Оқылған жолдар қандай сезім тудырды?», «Қандай сөздер есте қалды?», «Неліктен Кеңес халқы сол қорқынышты соғыста жеңіске жетті?», «Шығармалардың кейіпкерлері қандай сезімдерді басшылыққа алды?», «Оларды нағыз батырлар деп атауға бола ма?», «Олар қорқыныш сезінді ме?» деген сұрақтарға жауап берді.

Шара соңында Александра Суслованың сөзіне жазылған «Слово «Победа»» әні шырқалды. Барлық қатысушылар ардагерлерге алғыс айтып, келе жатқан мереке – Жеңіс күнімен құттықтады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77