Онда ядролық сынақ полигонының ашылу және жабылу кезеңдері жайында мәліметтер көпшілік назарына ұсынылған
«Строительный» кітапхана филиалында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына қол қойылғанына 30 жыл толуына орай, «Семей қасіреті» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды.
Оқырмандар назарына ядролық полигонның тарихын білуге мүмкіндік беретін материалдар ұсынылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» атты құнды кітабы адамзаттың «ядролық» қауіпсіздік формуласын іздеуі туралы түсінік береді. Валерий Жандаулетовтің «Его линия мира» атты мақаласы «Мысль» журналында ақын, Қазақстанның қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов «Невада – Семей» антиядролық қозғалысындағы қызметін ашып көрсетеді.
-Көп жылдар қатарынан ядролық сынақ полигонынан жапа шеккен халықтың қасіреті ешқашан ұмытылмайды. Елбасының бастамасымен ядролық сынақ полигоны жабылып, Семей өлкесінде дені сау перзенттер дүниеге келе бастағаны баршаға белгілі. Бұл сол кездің үлкен қасіреті болғаны айтпаса да анық.
Кітапхананың тұрақты оқырмандарына ұсынылып отырған бұл тақырыптық сөреде ядролық сынақ полигонының ашылғаны, оның халыққа келтірген залалы және жабылғаны жайында мәліметтер ұсынылып отыр. Бізде қала тұрғындарының мұндағы құнды дүниелермен кеңінен танысуына барлық жағдай жасалған,-дейді «Строительный» кітапхана филиалының меңгерушісі Елена Доматова.
Құрметті оқырмандар, сіздерді кітапхана ұжымы «Семей қасіреті» деп аталатын тақырыптың сөреде ұсынылған материалдармен танысуға шақырады.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77