Социум

Суға шомылғанда қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн

Тұрғындарға қауіпсіздік шаралары жазылған нұсқаулықтар таратылуда

Жаз келіп, қала тұрғындары демалыс күндері немесе жұмыс уақыты аяқталған соң кешкілік суға шомылуда әдетке айналдырып үлгерді. Күннің ыстығында өзенге шомылып шыққанға не жетсін. Бірақ, жылда өкінішке орай өзенге шомылу кезеңінде қайғылы оқиғалар жиі орын алып тұрады.

Міне, осындай жағдайдың алдын алу мақсатында Қостанай облысы ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің хабарлауынша адамдар көп суға шомылатын жерлерде дауыс зорайтқыш құрылғылары арқылы тұрғындарға судағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат жеткізіледі. Сонымен қатар оларға суда өзін қалай ұстау керектігі жайында жазылған қағаз түріндегі нұсқаулықтар да таратылады.

Ең маңыздысы балаларды өзен жағасында қараусыз қалдырмау болып отыр. Сонымен қатар мас күйінде өзенге түспеген абзал.

Осы ретте кешкілік жұмыс аяқталғаннан кейін құрбыларымен өзенге шомылуға келген қала тұрғыны Айдана Ақтамбетованы сөзге тартқанымызда, ол:

– Суға шомылу кезеңінің басталғанына өте қуаныштымын. Қазір күн өте ыстық. Бүгін жұмыстан кейін балаларымызды алып өзенге баруды жөн көрдік. Күндіз ауа райы ыстық болса, кешке өзеннің суы жылы болады. Бала өзенге түскенде олардың алысқа кетпей тек жағасында жүруін қадағалаймын. Қауіпсіздік шарасын ешқашан естен шығармаймыз. Бұл өте маңызды,-деді.

«Сақтықта қорлық жоқ» демекші, әркім өз өміріне өзі жауапты.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77