Біздің Қостанай Проиcшествия

Тәртіп сақшылары жоғалған кішкентай қызды әкесіне тапсырды

Демалыс күндері Қостанай қаласындағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің әскери жасағы “Март” сауда үйінің маңынан адасып кеткен бүлдіршінді көрді. Аталған жәйт бойынша әскерилер жедел басқарма орталығы арқылы ата-анасын анықтап, қызды әкесіне тапсырады.

-Қостанай қаласы бойынша қоғамдық тәртіпті күзету бойынша №942 бағдарда  қызмет атқару барысында сағат 19:00 шамасында «ТРЦ» МАРТ алдында үлкендердің қарауынсыз қалған 4-5 жас шамасындағы қызды тауып алдық. Мән-жайды сұрап едік, ата-анасының қараусыз көлікте қалып, далаға шығып адасып кетіпті, полиция жедел басқармасына қыздың жоғалғаны жайлы ақпарат та келіп жеткен екен, бірден тұрған орнымызды айтқан едік, 15 минут аралығында әкесі келіп алып кетті, – дейді әскери жасақ бастығы қатардағы Мұрат Күмісбеков.

Тез арада қызын тауып бергені үшін баланың ата-аналары әскерилерге өз алғысын білдірді.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77