Қостанайда Тәжікстаннан қазақстандық бітімгерлік батальонының шығарылғанына 24 жыл толуына арналған митинг өтті.
Бүгін, 8 ақпанда, Қазақстанның ОССБ (Оңтүстік шекаралық арнайы батальоны) құрамасының Тәжікстан Республикасынан шығарылғанына 24 жыл толуына орай Қостанайда салтанатты митинг өтті.
Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында ТМД елдерінің сыртқы шекарасын күзету мақсатында Қазақстанның 24 батальоны 8 жыл бойы жауынгерлік міндетін абыроймен атқарды. Қазақстандық әскери қызметшілер өзге мемлекеттердің қарулы күштерімен бірлесіп, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, еліміздің әскери абыройын асқақтатты.
Қостанай облысының «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі ардагерлер кеңесінің төрағасы, майор Қасымхан Мұлдағалиев жиналғандарға жылы лебізін білдірді.
– Біздің сарбаздарымыз өздерінің әскери борышын абыроймен орындады. Бүгін біз олардың ерлігін еске алып, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсеттік. Барша жауынгер-интернационалистерге және олардың отбасыларына мықты денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен бақ-береке тілейміз. Еліміз өркендеп, дамып, нығая берсін,- деді ол.
Іс-шара барысында ескерткіш тасқа гүл шоқтары қойылды. Жиынға Қостанай қаласының ОДО департаментінің өкілдері, Ауған соғысы, Таулы Қарабах қақтығысы, Ирак пен Тәжікстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер, десантшылар қауымдастығының мүшелері, сондай-ақ шекара қызметінің ардагерлері қатысты.
Жиында Қостанай облысы бойынша шекара қызметінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, майор Қасымхан Мұлдағалиев, Қазақстан Республикасы ҰҚК органдарының ардагер, подполковник Терновой С.П. сондай-ақ Ауған соғысының ардагері Пимичев В.И. сөз сөйледі. Сондай-ақ, тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстарға қатысқан Бекмұрзин А.К., Әлімғазин Е.Х., Кущанов К.Б. секілді ардагерлер де іс-шараға қатысып, естеліктерімен бөлісті.
Бұл іс-шара – өз елінің бейбітшілігі мен тұрақтылығы үшін ерлікпен қызмет еткен жауынгерлерге деген құрметтің белгісі. Жиналған қауым осындай тарихи сәттерді ұмытпай, келер ұрпаққа жеткізу маңызды екенін атап өтті.
Дильназ ИЗДЕЛЮЕВА,
Суреттерді ұсынған кейіпкер
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77