Здравоохранение Новости

Темекі зардабының алдын алыңыз

Шылымқорлық – әлемдегі ең үлкен зиянды әдеттердің бірі

Қазіргі таңда әлемдегі әр төртінші еркек пен әр жиырмасыншы әйел никотинге тәуелді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде 7 миллион адам темекі салдарынан көз жұмады екен. Соның 890 мыңға жуығы өзгелер шеккен шылымның түтініне уланғандар. Яғни, пассивті шылымқорлық та қауіпсіз емес. Ол – жүрек-қан тамыры, жүректің ишемиялық ауруы, өкпе, өңеш, асқазан обыры сынды т.б. аурулардың бірден-бір себепкері.

Ресми статистикаға сүйенсек, өлім-жітім жағынан алғашқы орында тұрған жүрек-қан тамыры аурулары, тыныс алу органдары аурулары мен қатерлі ісіктің қай-қайсысы да шылымқорлық салдарынан болатын дерттер.

Шын мәнінде, «егер ішкі органдарды жыл сайын тексеріп отыратын болса мұның алдын алуға болар еді» дейді мамандар. Темекі шегетіндер үшін жүрек пен өкпені тұрақты бақылауда ұстаудың маңызы зор. Оның үстіне, мемлекет халыққа жәрдем ретінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетін ұсынады.Аталған пакетке жалпы практика дәрігерінің қабылдауы мен консультациясы, көздің көру қабілеті мен көз қысымын тексеру, қандағы холестерин, глюкоза деңгейін тексеру үшін қан тапсыру, электрокардиограмма, флюорография, спирография сынды қызметтер кіреді. Организмде шылымның салдарынан болып жатқан өзгерістер мен ауытқуларды осы процедуралар арқылы ертерек анықтауға болады.

Елімізде 2009 жылдың 15 желтоқсанында жарияланған қаулысына сәйкес шылымқорларға арналған кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетіледі. Жалпы практика дәрігерінің қабылдауы мен консультациясы. Көздің көру қабілетін тексеру. Көздің ішкі қысымын өлшеу. Биохимиялық зерттеулер: қандағы холестерин, глюкоза деңгейін анықтау. Электрокардиограмма. Флюрография (15 жастан). Спирография,

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін кепілдендірілген медициналық көмекті Қазақстанда тұратын әр азамат пайдалана алады. Бюджет қаражаты есебінен профилактикалық, диагностикалық және емдік қызметтер   көрсетіледі. Сондықтан, тұрғындар денсаулықтарын уақытылы тексертіп тұрса, ауруды емдегеннен алдын алған оңай. Өз денсаулықтарыңыз – өз қолдарыңызда!

Сералы МЫРЗАБАЙ

Сурет желіден алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77