Образование

Тілдер күніне орай қаламызда жалпықазақстандық ашық диктант өтуде

Бүгін тілдер күні, оған қоса Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Осыған орай Қоғамдық келісімнің ұйымдастыруымен  жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Өткен ұйымдардың бірі 6697 әскери бөлімі. Диктантқа 1 атқыштар ротасының сарбаздары, яғни 20 адам қатысты.

Бастапқы да тілдер күні жайында және Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяның еске түсірді. Оған қоса диктант Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналды. Міне, бір уақытта қаншама айтулы күндерді еске алып, талқыға салды.

– Осындай маңызды даталарды еске алып, арнайы іс – шаралар өткізіп тұру керек. Бұл тарихи тұлғалардың жадымызда сақталуына көмектесетін іс – шара, – дейді Қоғамдық келісім мүшелері.

Іс-шараның мақсаты – этносаралық коммуникация тілі ретінде мемлекеттік тілдің маңызын нығайту. Диктант – жыл сайын Қазақстанның тілдері күні шеңберінде, ел өміріндегі ерекше оқиғалардың ең маңыздысын арқау ете отырып, жазылады.

Аяжан СЕРІК,

суретті түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77