Тоты Айтмағамбетова: Ел мүддесі – бәрінен биік!

Саналы ғұмырын білім беру, ұрпақ тәрбиесі мен қоғамдық-ағартушылық жұмыстарға арнаған, Қостанай қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер, гуманитарлық ғылымдар магистрі Айтмағамбетова Тоты Әбдібекқызының сайлауалды бағдарламасын ұсынамыз.

Руханият, білім және әділдік: Болашаққа бағытталған бағдарлама

Мен Айтмағамбетова Тоты Әбдібекқызы, 1974 жылы 26 желтоқсанда қасиетті Жангелді өңірінің Торғай ауылында дүниеге келдім. Өз саналы ғұмырымды ұрпақ тәрбиесіне, білім мен тіл саясатын дамытуға және қоғамдық-ағартушылық істерге арнадым. Филолог мамандығы мен гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесі маған адамдармен тіл табысудың, қоғамдағы өзекті мәселелерді жүрекпен сезінудің үлкен мектебі болды.

Кәсіби жолымдағы әрбір қадам маған ашық диалогтың, халықпен кері байланыстың және әрбір мәселенің артында нақты шешім тұруы тиіс екенін ұғындырды. Азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдай білу және оларға қолдау көрсету – мен үшін қашанда басты орында.

Менің ұстанымым мен алға қойған бағдарламам «Әділет» партиясының негізгі құндылықтары мен басымдықтарына сүйенеді. Біздің басты назарымызда тек мәселелерді шешу ғана емес, сонымен қатар рухани-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, еңбек адамының мәртебесін көтеру, жас буынға сапалы білім мен кең мүмкіндіктер ашу, туған жерімізді өркендету тұр.

Менің міндеттемелерім нақты мақсаттар, нысандар мен мерзімдерге негізделген. Алға қойылған жобалардың даму жоспарлары мен аудандық бюджетке енуіне тікелей қол жеткізіп, қабылданған әрбір шешімнің орындалуын қатаң бақылауда ұстаймын. Тұрғындар алдында әрдайым ашық әрі адал есеп беру – менің басты қағидам.

Менің басты мақсатым – Қостанай қаласы тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Бағдарламамда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды және көпбалалы отбасыларды қолдау сапасын арттыру, жастар бастамаларын дамыту, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және халықпен тұрақты кері байланыс орнату бағыттары қамтылған. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуы мен бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына депутаттық бақылауды күшейтуді көздеймін. Халық мүддесін қорғау дегеніміз – тек мәселені көтеру емес, оның заң аясында нақты шешілуіне дейін табандылық таныту.

Депутат – халыққа ең жақын тұлға. Ол азаматтардың мүддесін жеке басының мүддесінен жоғары қоятын, адал әрі әділ болуы шарт. Депутаттың беделі құрғақ уәдемен емес, нақты ісімен қалыптасады. Халықпен ашық диалог жүргізу, берілген уәденің орындалуына жауап беру және атқарылған жұмыс туралы жүйелі есеп ұсыну – менің қызметімнің басты қағидалары болмақ.

Білім беру саласында жүріп, қоғамның дамуы әр азаматтың белсенді ұстанымына байланысты екенін түсіндім. Сөйтіп қоғамдық-саяси ортаға келдім. Бұл шешімге саналы түрде, үлкен жауапкершілікті терең сезіне отырып келдім. Көпжылдық кәсіби тәжірибем маған тұрғындардың талап-тілегін дөп басып тануға мүмкіндік берді. Қостанай қаласының әлеуметтік дамуына, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға нақты үлес қосу – басты мақсатым. Мен үшін депутаттық мәртебе емес, халық алдындағы үлкен міндет.

Тұрғындарды ең алдымен күнделікті тұрмысқа тікелей әсер ететін мәселелер алаңдататыны белгілі. Олардың қатарында тұрғын үй аулалары мен қоғамдық орындарды абаттандыру, балалар ойын алаңдарының жай-күйі, инфрақұрылымның сапасы және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері жиі айтылады. Мысалы, кездесулер барысында қала тұрғындары көпқабатты үйлер маңындағы балалар ойын алаңын қалпына келтіру мәселесін ерекше көтерді. Біз бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіп, мәселенің оң шешілуіне ықпал еттік. Осындай нақты істер халықпен тұрақты байланыстың маңыздылығын көрсетеді. Қаланың дамуы ең алдымен әр ауладағы, әр тұрғынның күнделікті өміріндегі оң өзгерістерден басталады. Тұрғындар үшін сапалы білімге, әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету – басты назарымда болады

Депутаттық жұмыстың басты нәтижесі мен үшін әрбір тұрғынның өміріндегі нақты оң өзгерістер болмақ.

Туған өлкенің жарқын болашағы үшін бірлесіп еңбек етейік!

Құрметпен,

Айтмағамбетова Тоты Әбдібекқызы

 

 2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

 

  1. САПАЛЫ ӨМІР ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ

Әрбір қостанайлықтың өмір сүру сапасын арттыруға, тұрғындардың күнделікті әлеуметтік сұраныстары мен өзекті қажеттіліктерін шешуге бағытталған тиімді қалалық жобалар мен бастамаларды көтеру және жүзеге асыру. 


  1. КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ 

Көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдауға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалау, оларға көрсетілетін әлеуметтік көмек пен қолдау шараларын сапалы түрде қамтамасыз ету.

  1. ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАЛАНЫ АБАТТАНДЫРУ

Қалаішілік аумақтарды абаттандыру, заманауи әрі жайлы орта қалыптастыру жұмыстарына жастардың әлеуетін жұмылдыру. Жастардың бастамаларын, қоғамдық жобаларын жан-жақты қолдап, қала өміріне белсенді түрде тарту.

  1. ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ОРТА КЕПІЛІ

Қалада заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстарды қатаң бақылауда ұстау. Құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардың жарықтандырылуын жақсарту және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған шараларды қолдау.

  1. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілі мен мәдениетін үйренуге деген қызығушылықты арттыру. Тұрғындар үшін қолжетімді ауызекі қазақ тілі клубтарының жұмысын ұйымдастыруға және тілдік орта қалыптастыруға жәрдемдесу.

  1. АШЫҚ ДИАЛОГ ЖӘНЕ САЙЛАУШЫЛАР АЛДЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Сайлаушылардың тапсырмалары, өтініштері мен аманаттарын жүйелі түрде қарап, шешілуін қадағалау. Тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнату, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желілер мен цифрлық алаңдарда үнемі байланыста болу.

Сіздің пікіріңіз – мен үшін маңызды!

Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік! 

Суретті түсірген Лариса БОЖКО 

Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді

 

Тоты Айтмагамбетова: Интересы страны – превыше всего!        

Магистр гуманитарных наук и общественный деятель Тоты Айтмагамбетова представила свою предвыборную программу на выборах в маслихат города Костаная. В её планах — трансформация подходов к образованию и воспитанию нового поколения.

Слово кандидату: Предвыборная программа Тоты Айтмагамбетовой

Я Айтмагамбетова Тоты Абдибековна, родилась 26 декабря 1974 года в селе Торгай священного Жангельдинского края. Всю свою сознательную жизнь я посвятила воспитанию подрастающего поколения, развитию образования и языковой политики, а также общественно-просветительской деятельности. Специальность филолога и академическая степень магистра гуманитарных наук стали для меня большой школой умения находить общий язык с людьми и сердцем чувствовать актуальные проблемы общества.

Каждый шаг на моем профессиональном пути научил меня тому, что за открытым диалогом, обратной связью с народом и каждой проблемой должно стоять конкретное решение. Умение выслушивать нужды и чаяния граждан и оказывать им поддержку всегда стоят для меня на первом месте.

Моя позиция и предвыборная программа опираются на основные ценности и приоритеты партии «Әділет». В центре нашего внимания находятся не только решение проблем, но и возрождение духовно-культурных ценностей, повышение статуса человека труда, открытие качественного образования и широких возможностей для молодого поколения, а также процветание нашей родной земли.

Мои обязательства основаны на конкретных целях, объектах и сроках. Я буду напрямую добиваться включения развивающихся проектов в районный бюджет и держать под строгим контролем исполнение каждого принятого решения. Всегда открытый и честный отчет перед жителями — мой главный принцип.

Моя главная цель — повышение благосостояния жителей города Костаная и формирование комфортной среды для жизни. Моя программа охватывает такие направления, как повышение качества поддержки социально уязвимых категорий граждан и многодетных семей, развитие молодежных инициатив, расширение сферы применения государственного языка и налаживание постоянной обратной связи с населением. Также я намерен усилить депутатский контроль за эффективной реализацией государственных программ и целевым расходованием бюджетных средств. Защищать интересы народа — значит не просто поднимать проблему, но и проявлять настойчивость до ее реального решения в рамках закона.

Депутат — это человек, наиболее близкий к народу. Он обязан быть честным и справедливым, ставя интересы граждан выше личных.

Главным результатом депутатской работы для меня станут реальные позитивные изменения в жизни каждого жителя.

Давайте трудиться вместе ради светлого будущего родного края!

С уважением,

Айтмагамбетова Тоты Абдибековна

 КОНКРЕТНЫЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА НА 2026-2031 ГОДЫ 

  1. КАЧЕСТВЕННАЯ ЖИЗНЬ И БЛАГОСОСТОЯНИЕ ЖИТЕЛЕЙ

Инициировать и реализовывать эффективные городские проекты и инициативы, направленные на повышение качества жизни каждого костанайца, а также на решение повседневных социальных запросов и актуальных потребностей населения. 

  1. ПОДДЕРЖКА МНОГОДЕТНЫХ СЕМЕЙ И СОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА НАСЕЛЕНИЯ

Контролировать исполнение бюджетных программ, направленных на поддержку многодетных семей и социально уязвимых слоев населения, обеспечивать качественное предоставление мер социальной помощи и поддержки.

3. МОЛОДЕЖНЫЕ ИНИЦИАТИВЫ И БЛАГОУСТРОЙСТВО ГОРОДА

Направлять потенциал молодежи на работы по благоустройству внутридворовых территорий и формированию современной, комфортной среды. Всесторонне поддерживать молодежные инициативы и общественные проекты, активно вовлекая их в жизнь города.

4. ЗАКОН И ПОРЯДОК — ГАРАНТИЯ БЕЗОПАСНОЙ СРЕДЫ

Обеспечение верховенства закона и порядка в городе, строгий контроль за работой по повышению безопасности жителей. Поддержка мер, направленных на профилактику правонарушений, улучшение освещения общественных мест и повышение правовой грамотности населения.

5. ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЯЗЫК И КУЛЬТУРА

Расширять сферу применения государственного языка, повышать интерес к изучению казахского языка и культуры. Содействовать организации доступных разговорных клубов казахского языка для населения и формированию языковой среды.

6. ОТКРЫТЫЙ ДИАЛОГ И ПОСТОЯННАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ ПЕРЕД ИЗБИРАТЕЛЯМИ

Системно рассматривать наказы, обращения и наказы избирателей, контролировать их исполнение. Для установления постоянной обратной связи с жителями и обеспечения прозрачности находиться на постоянной связи в социальных сетях и на цифровых площадках.

Ваше мнение – важно для меня!

Ваше доверие – ответственность за результат!

 

Фото Ларисы БОЖКО

Оплачено из средств республиканского бюджета

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.