Социум

Валерий Тен мен Гүлнар Жалмағанбетова тату-тәтті отбасылардың бірі

Елімізде түрлі ұлттан құралған отбасылар баршылық. Бірлігі жарасқан отбасылардың ынтымағының арқасында Қазақстан халқының бірлігі нығайып, достығы жарасуда. Қазақстан халқы Ассамблеясында да алдыңғы орынға ұлттар мен ұлыстар достығы қойылып отыр

Бейбітшілік мерекесі қарсаңында ұлтаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерлету мақсатында татулықты ту еткен тамаша отбасылардың бірімен таныстыруды жөн көрдік. Қаламыздың тұрғындары Валерий Тен мен Гүлнар Жалмағанбетова тату-тәтті отбасылардың бірі. Балалары өте талантты, бірнеше тілді жетік меңгерген оқушылар.

– Мен Максим Горький атындағы гимназияда 11 сыныпта оқимын, отбасында інім мен қарындасым бар. Анам қазақ, әкем кәріс ұлтынан. Бастауыш сыныптан бастап қазақ тілін меңгеріп келемін. Тілді жетік меңгеруге деген қызығушылығым 2016 жылдары пайда болды, танымал «Ninety one» тобының әндерін тыңдай бастағанда олардың мағынасын түсінгім келді. Сонымен қатар тілге деген сүйіспеншілігімді мектеп қабырғасында ұстазым Сұлтанова Әйгерім Малшыбайқызы дамыта түсті. Бойымдағы әлеует пен дамуға деген құлшынысымды көріп қазақ тілі олимпиадасына жіберді, кейін қалада 2-ші орын алдым. Одан кейін 7-11 сынып аралығында қалада бірінші орын, облыста 1 рет алтын және күміс, өткен жылы республикада 3 орын, сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ғылыми жұмыс жобасымен 3 орынды иелендім. Облыстық қазақ мектептерінің балалары арасындағы әрбір жеңіс маған жаттығуға және одан әрі дайындығымды жақсартуға ынталандырды. Ата-анам, туған-туыстарым мені әрқашан қолдап, сенетін. Тәжірибе мен қосымша оқу мүмкіндігі маған үлкен нәтижелерге жетуге көмектесті. Біздің отбасымыз интернационалды болғандықтан біз барлық мейрамдарды, соның ішінде жаңа жыл мерекесін екі рет атап өтеміз. Бұл біздің отбасылық құндылығымыз. Осындай тату әрі көпұлтты отбасында дүниеге келгенімді мақтан тұтамын, – дейді Анита.

Өмірдің әрбір сәтінде қол ұстасып бірге келе жатқан Валерий мен Гүлнар үлгілі ата-ана. Ата-ананың басты қуанышы баласының жетістігі екені белгілі. Балалары жақсы оқу нәтижесімен жетістіктерімен қуаныш сыйлауда. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, қыздары анасының көмекшісіне айналса, ұлдары әкесінің қолқанаты көрінеді. Бұл отбасының ұйымшылдығы, татулығы, бірлігі жетістікке жетелейтіндей. Қос ұлттың мәдениетін, ұлттық нақышын танып, құрметпен қараған бұл жанұяның және бейбіт елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы арта берсін деген тілегімізді білдіреміз.

Материал Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Жанашыр бол» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан «Жастар арасында қазақ отбасының жағымды имиджін насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында дайындалды.

Жан ШАЙМЕРДЕН,
Сурет кейіпкерлеріміздің
отбасылық мұрағатынан


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77