Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастық форумының нәтижелері талқыланды
Белгілі болғандай 20-21 мамыр аралығында Қазақстан–Ресей жастар форумы өткен болатын. Оған Қазақстан аймағымен және Ресейден 1000-ға жуық ерікті жастар қатынасты. Екі ел жастарының арасында жаңа серпін беретін, ынтымақтастықты арттыратын мұндай іс-шара облыс аймағында ағашқы рет ұйымдастырылып отыр. Екі күн бойы форум аясында жемісті пікір алмасулар болды.
– Бірінші күні жастар көшбасшылары мен еріктілер өздерінің тәжірибелері мен идеяларын «Әлеуметтік және медициналық ерікті қызметті халықаралық ынтымақтастықты дамытудың тиімді жолы» секциясында бөлісіп, талқылады. «Еріктілер лигасы» ҚҚ, Бүкілресейлік «Студенттік құтқару корпусы» Бүкілресейлік жастар ұйымы, «Волонтерлар-Медики» МҚК, «Мосволонтер» Мәскеу мемлекеттік бюджеттік мекемесі, Балтық Күзембай Сарыкөл ауданының жастар ресурстық орталығының директоры, әлеуметтік маңызы бар жобаларын ұсынды, –дейдіҚостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі Басқармасының басшысыМарат Кенжебекұлы.
Сонымен қатар, университеттің студенттерімен бірге экологиялық волонтерлер өкілдері мен Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дәурен Абаев Тобыл өзенін тазарту бойынша «ECO-challengeQostanai» экоакциясыны қатысты. Бұл экоакция 14 мамырда бастау алған болатын. Осы уақыт ішінде Тобыл өзенінің жағасынан, Қостанай және Қорған облыстарының волонтерлері 200 тоннадан астам қоқыс жинады.
Бұдан бөлек қонақтарға арналған ойын-сауық бағдарламалары ұйымтастырылды. Бірінші күні экскурсия жүргізіліп, «КВН» ойыны болып, «Азия Mix» командасы ойын көрсетті. Облыс әкімі атынан «PremiumPalace» мейрамханасында қонақасы берілді.
Форумның екінші күнін «Generation Z: жалпы мәселелер және бірлескен шешімдер» балалар мен жасөспірімдер арасында еріктілерді дамыту бойынша көптеген жаңа идеялар айтылды. Медициналық қызметтерді алуда ауыл тұрғындарына көмек көрсету, педагогикалық ұжымдарды дамыту ТМД елдерінің «FutureTeam» халықаралық жастар қозғалысының жетекшісі Шушаник Агасарян дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалін өткізудегі тәжірибесімен бөлісті.
– Ресейлік жастар одағы Бүкілресейлік қоғамдық ұйымының төрағасы Павел КрасноруцкийҚазақстан-Ресей жастар бизнес-инкубаторының жұмысы туралы әңгімелеп берді. Осы жобаның шеңберінде, күзгі кездесулер Алматы және Қазан қалаларында форумдар өтеді, – деді Марат Жұрқабаев.
Кәсіпкер жастардың өкілдері Қазақстан-Ресей жастар форумы аясында өздерінің бастауыш жобаларын ұсынуға мүмкіндік алды. Мұнда «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасының аясында TRACKATHON (тректон) жұмысын жүргізді. Қатысушылар 150 startup-жобасын ұсынды. Ұсынылған жобалар сәтті қорғалды және ERG тарапынан қаржылық қолдау алды. Жақын арада жас кәсіпкерлер қатары артпақ.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77