События

Ы.Алтынсаринге арналып бес бөлімнен тұратын көрме ашылды

Аталмыш көрменің тұсаукесері онлайн режимде өтті

Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай, Л.Толстой ат. ОӘҒК ішінен «Ыбырай Алтынсарин ағартушы, демократ, педагог» атты кітап көрмесі ашылды. Тұсаукесер елдегі ахуалға байланысты онлайн режимде өтті. Онда облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, ақын, жазушы Ақылбек Шаяхмет, қала мектеп ұстаздары мен оқушылары, кітапхана келушілері қосылды.

Көрме тұсаукесері барысында бас қосқандар Ыбырай Алтынсариннің атқарған қызметі туралы өз ойларымен бөлісті.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы, оның мұраларын насихаттау бойынша Л.Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып беріп, көрмеге қойылған әдебиеттерге жан-жақты шолу жасады.

– Бес бөлімнен тұратын көрмеде Ыбырай Алтынсариннің әр жылдардағы көркем шығармалары, ғылыми және педагогикалық еңбектері, ұлы ағартушыға арналған көптеген әдебиеттер, журналдар, газеттер, интернет мақалалары жинақталған, – дейді кітапхана қызметкері.

Ұлы педагогтің 180 жылдығы қарсаңында ұлт ұстазына арналған ескерткіш ашылған болатын. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, ескерткіштің ашылуын тұлғаның мерейтойын атап өтудегі атқарылатын жұмыстардың бастамасы деген болатын.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті ұсынған кітапхана қызметкері


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77