Бүгін Н. Островский атындағы қалалық кітапханада зум платформасы арқылы Ы. Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Дара туған даналардың бірі еді» деп аталған әдеби диалог ұйымдастырылды
Аталмыш іс-шараға ұстаздың өлеңдерін жатқа оқыған 25 талапты жас пен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай өткен шараға ұлағатты ұстаздың мұрасын зерттеуші, әдебиетші, ақын Серікбай Оспанұлы қонақ ретінде келді. Ол жиналған қауымға бүкіл өмірін халқына білім беру жолындағы ағартушылық қызметіне арнаған Ұлы ұстаздың ғұмырнамасы жайынды жан-жақты баяндады.
Ағартушының ұлы мұрасынан сусындап өскен жас буын, Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері әдеби диалог барысында, ақынның өлең шумақтарын оқырмандар назарына ұсынды. Әдеби диолог барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары қазақ халқының сауатын ашқан Ыбырай Алтынсарин жайлы тың деректермен қаныққандарына ризашылықтарын білдірді.
Іс-шараны ұйымдастырушы кітапхана қызметкері Қанипа Тасболатованың айтуына қарағанда, мұндай әдеби кештер жастардың ұлы тұлғалардың шығармашылығымен, өмірімен толық танысып, олардың жүріп өткен жолдарынан өздеріне өнеге алуларына үлкен септігін тигізеді.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77