События

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «2021 – Ыбырай жылы» күнтізбесінің тұсаукесері өтті

Күнтізбенің ерекшелігі «QR-код» қосымшасы арқылы бейнеақпарат алуға болады

Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық музейінде Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «2021 – Ыбырай жылы» күнтізбесінің тұсаукесері өтті.

Биыл, өздеріңіз білетіндей Ыбырай Алтынсариннің туғанын 180 жыл. Сонымен қатар, Ұлт ұстазының атындағы мұражайға 30 жыл толғалы отыр.

– Баршаңызға белгілі болғандай Ыбырай Алтынсарин бабамыздың туғанына биыл 180 жыл. Айтулы мерейтойды кеңінен атап өту үшін жоспарлы іс-шаралар құрылған болатын. Ыбырай тойының бастамасы деп қараша айында қоладан құйылған ескерткішінің ашылуын айтуымызға болады. Жыл басында «Ыбырай жылының күнтізбесі» 12 айға бөлініп жасалған болатын. Алайда, елдегі карантин біраз атқарылар істерге қолбайлау болғандықтан, дер кезінде күнтізбенің тұсаукесерін өткізе алмадық. Игі бастаманың ерте кеші жоқ деген ниетпен күнтізбе тұсаукесерін ақпан айында өткізуге тура келді, – дейді мұражай директоры Марғұлан Оспанов.

Негізгі күнтізбенің мұқабасында Қостанайда ашылған Ыбырай ескерткішінің суреті бейнеленген. Ішкі бетінде Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны үш тілде жазылған. Қалған он екі беттің төмменгі бөлігі кәдімгі күнтізбеге арналған. Ал, жоғарығы жағында Ыбырай салған мектептің тарихы, отбасы, өскен ортасы, қызметі, мазары және мұражай тыныс-тіршілігін баяндайтын мәліметтер берілген.

Жасалған күнтізбенің ерекшелігі, «Цифрлық Қазақстан» жобасын қолдау мақсатында, «QR-код» арқылы бейнежазбаларды көруге болады.

Тұсаукесерге жергілікті зиялы қауым өкілдері келіп, ақжарма тілектерін айтты. Беглігі ақын, ыбырайтанушы Серікбай Оспанов, Ыбырай жайлы тағы да тың деректерге қол жеткізгенін айтады.

– Ұлттың қамын ойлаған Ыбырайдай кемеңгер қазір кемде-кем. Әрбір жазбаларын оқысаңыз тек қана халық қамы, келер ұрпақ болашағы. Ыбырай туралы ізденетін болсақ, әлі де көптеген тың ақпараттар табуға болады. Ыбырай жылын жақсы өткеруге тілектеспін. Ол үшін жүйелі жоспар керек. Біз әлі күнге дейін сырттан келген қонақтарға өңір жайлы жарық көрген бір кітап бере алмай жүрміз. Неге Ыбырай жайлы керемет кітап шығармасқа. Ол үшін жанашырлық керек, – деді Серікбай Оспанов.

Күнтізбе Қостанай қаласында 180 данамен, А2 форматында басылып шыққан.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Абиль ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77