Біздің Қостанай В ритме города

Қызы анасына газет жазылымын сыйға тартты

Міне, бір апта бұрын аналар күні аталып өтілген еді. Осыған орай оқырманымыз анасына газетімізге жазылымды сыйға тартты

Яна Фритц Алтынсарин ауданының білім бөлімінің Зуев жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Алғашқы уақытта математика пәнінен сабақ берген. Кейінгі уақытта қазақ тілі мен салт-дәстүрлерге қызығып, осы мамандықты оқып алғысы келді. Міне, математика пәнінен сабақ беріп жүрген адам, кейінде қазақ тілі мен әдебиет мұғаліміне айналды. Қазіргі уақытта қазақ тілінен сабақ беріп жүргеніне шамамен 25 жыл.

– Отбасымызда тек орыс тілінде сөйлейміз. Әкем қазақша түсінеді, бірақ жауап бере алмайды. Мен де қарапайым, жиі кездесетін сөздерді білемін, – дейді қызы Кристина.

Яна Фритц мектеп қабырғасында түрлі іс-шараларды ұйымдастырып тұрады. Қазағымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын оқушыларға үйретіп жүрген жандардың бірі. Әрине, отбасы арасында тек орысша сөйлеп жүрген, жұмысында қазақша сөйлеген қиынға соғады. Тіпті, айналасындағы жақындары тек орыс тілінде сөйлейді екен.

Қазақ тілін өз тіліндей көріп, өзгелерге үйретуден жалықпаған жан мұғалімдікті күнделікті жұмысы ғана емес, жауапты міндеті санайды. Сондықтан да, үнемі ізденіс үстінде. Бір сәтке де ұстаздықтан қол үзбек емес.

Аяжан СЕРІК,
суретті ұсынған кейіпкер


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77