Біздің Қостанай ЖКХ

Осы уақытқа дейін атауы төрт рет өзгертілген

Міржақып Дулатов көшесі 2001 жылға дейін «50 лет Октябрьская» көшесі, 1967 жылға дейін «Октябрьская» көшесі, ал оған дейін «Садовая» көшесі болды.

Көшенің ұзындығы оңтүстіктен солтүстікке қарай 1,624 шақырым, батыстан шығысқа қарай оңтүстігінде 1,272 км — ден солтүстігінде 1,271 км-ге дейін. М. Дулатов көшесі Дощанов, Павлов, Пушкин, Амангелді, Жеңіс, Шевченко, Пролетар көшесімен, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылымен, Рабочая көшесімен, Шипин, Уәлиханов, Лермонтов көшесімен қиылысады.

Бірінші үйден басталып 267 мен аяқталады. Базар мен орталық саябақты кесіп өтеді.

– Жалпы біз бұл көшеде 20 жылдан аса уақыт тұрып жатырмыз. Әрине, көше соңы қуантарлық жағдайда емес. Қоқыс көп, жаман иістерде шығады. Ал былай көшеміз жақсы, тыныш, ешқандай қауіп жоқ деп айта аламын, – дейді тұрғындардың бірі.

Айта кету керек, осындай бірнеше ай бұрын «Міржақып. Оян, қазақ!»- алты бөлімнен тұратын телехикаяның көлемді материалы негізінде фильмнің нұсқасы түсіріліп, көрерменге ұсынылды. Оның кейбір эпизодтары Қостанай қаласында да түсірілген еді. Фильмде біздің тарихымыздағы ең жарқын және қайғылы тұлғалардың бірі – Алаш-Орда көшбасшыларының арасында болған Мыржақып Дулатовтың және ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының тарихын баяндайды. Дулатов жаңа қазақ ұлттық әдебиетінің бастауында тұрған, бірегейлік пен мәдениетті сақтауды жақтаған серпінді ақын, жазушы болды.

– Міржақып Дулатұлының басқа Алаш қайраткерлерінен ерекшелігі десе де болады, ол кісінің өзінің туған қызы Гүлнар Дулатова бертінге дейін өмір сүрді. Артына өте мол мұра қалдырып кетті. Тек әкесі туралы емес, барлық алашордашылар жайлы. Бізге біраз қазына болды, – дейді «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясының режиссері Мұрат Есжан.

Келесі айта кететін ақпарат, Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті.

ҚИнЭУ – тәуелсіз Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі нәтижесінде пайда болған Қостанай облысындағы жоғары оқу орны. Университеттің пайда болуына, қалыптасуына және одан әрі дамуына 1996 жылы Бизнес және менеджмент институтының ашылуы негіз болды. Қазіргі уақытта ҚИнЭУ Қазақстанның Солтүстік өңірін білікті мамандармен тұрақты қамтамасыз етуде: 25 жыл ішінде 20 мыңнан астам адам оқытылды. 2003 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен университетке қазақтың қоғам қайраткері, жерлесіміз Міржақып Дулатовтың есімі берілді. Сонымен қатар, жоғарғы оқу орнында Міржақып Дулатов атындағы стипендия да бар.

Көше бойында дене шынықтыру және спорт басқармасы орналасқан, дәл сол 68-ші үй көпес Лорецтің үйі, ол 1890 жылы тұрған. Қазіргі таңда ғимарат мемлекет қорғауында. Сонымен қатар көшеде екінші мектеп-лицей, Евразиялық банк орналасқан.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77