Қаламыздағы жұмыспен қамту орталығының жұмысы қарқынды жүріп жатыр
Өңіріміздегі карантин режимінде көптеген жандар жұмысқа қалай орналасуға болады деп сұрап жатады. Шаһарымыздағы жұмыспен қамту орталығының жұмысы карантин режимінде тоқтаған емес. Ондағы мамандар жұмыс істеймін деп, өтініш білдіргендерге қолдарынан келгенше көмектесіп жатыр.
Бүгінде екі қолға бір күрек табамын деген жандарға «Жұмыспен қамту 2020-2021» жол картасы үлкен септігін тигізіп отыр. Бұл бағдарлама қаламызда да тиісті деңгейде жүргізілуде. Осы бағытта көптеген жұмыссыздық тізімінде тұрған азаматтар жұмыспен қамтылып, айдықтарын уақытылы алып отыр.
Бұл жайында Қостанай қаласындағы жұмыспен қамту орталығына арнайы атбасын бұрып, басшысы Надежда Костенюкпен жолығып, мәлімет алған болатынбыз.
Үстіміздегі жылдың наурыз айында жұмыссыздық санын азайту мен жаңа жұмыс орыдарын ашу мақсатында «Жұмыспен қамту 2020-2021» жол картасы жасалған болатын. Бұл жол картасы білім, денсаулық, әлеуметтік қамту, тұрғын үй шаруашылығы, инженерлік-транспорттық құрылым және өлкені көгалдандыруға арналған.
Осы ретте қазіргі таңда Қостанай облысында 98 инфрақұрылым жобалары жүзеге асырылып жатыр. Бұл инфрақұрылымдық жоба бойынша 6 мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оған Қостанай қаласында жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 3 мың адам жұмысқа ораластырылатын болады. Сондай-ақ бұл жұмыс орындарында жұмыскерлерге төленетін айлық 85 000 теңгеде төмен болмайды.
Бүгінде «Жұмыспен қамту 2020-2021» жол картасы аясында 1500 адам жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар бұл бағдарлама аясында қаламызда білі саласы бойынша 8 жоба жүзігі асырылып жатыр. Оның 5-уі күрделі жөндеу жұмыстары болса, 3-уі мерзімдік ақтау, сырлау жұмыстары болып отыр.
Осы жөндеу жұмысарына барлығы 600 адам тартылған. Оның 300-і қалалық жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен «Жұмыспен қамту 2020-2021» жол картасы аясында жұмысқа орналастырылған.
Осындай жандардың ішінде шаһарымыздағы №27 бала бақшаның жһндеу жұмыстарына орналасқан сылақшы Марина Шнейдер.
– Мен бұл жұмысқа қаламыздағы жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастым. Ондағы мамандардың менің қолымнан келетін жұмыс тауып бергеніне қуаныштымын. Осында жұмыс істеп жүргеніме 3 ай болды. Жұмысым өзіме қатты ұнайды. Айлығым 100 мыңның үстінде. Кей кездері демалыс күндері де жұмыс істейміз. Осы жұмысты тауып берген жұмыспен қамту орталығының мамадарына айтар алғысым шексіз, – дейді ол.
Сонымен қатар аталмыш бала бақшаның жылу жүйесін жөндеумен айналысып жатқан дәнекерлеуші Евгений Федоровты да сөзге тартқанымызда, ол:
– Өзім 28 жылдық тәжірибем бар дәнекерлеушімін. Шынымды айтсам, көп уақыт жұмыс іздедім. Осы бала бақшаның жылу жүйесін жөндеу үшін жұмысқа орналасқаныма үш айдан асты. Мұндағы айлығым да жұмысым да ойымнан шығады. Айына 200 мың теңге аламын. Жексенбі күні ғана демалыс, қалған күндері тоқтаусыз жұмыс істейміз. Карантин уақытында да жұмысымыз тоқтап жатқан жоқ. Алдағы уақытта бала бақшаның жылу жүйесінің жөндеу жұмыстарын сапалы да уақытылы аяқауды мақсат етіп отырмыз, – дейді ол.
Осы ретте Қостанай қаласының жұмыспен қамту орталығының басшысы Надежда Костенюк:
– Бүгінде қаламызда жұмыс іздеген жандарға дер кезінде көмектесу мақсатында бір кісідей жұмылып жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жаңа мамандықтарға оқыту бағдарламасы онлайын режимде жүргізіліп жатыр. Жаңадан меңгерген мамандық бойынша жолдамамен жұмысқа да орналастырып жатырмыз.
Мәседен, кәсіпкерлікпен айналысамын деген тұрғындар үшін «Бизнес бастау» бағдарламасы да жүзеге асырылып жатыр. Олардың көпшілігі кәсіпкерлікті үйлерінде отырып, онлайын оқып, сертификаттарға ие болып жатыр. Сертификат алғандары өздерінің бизнес жоспарларын толық қорғап, мемлекеттік гранттарды да иеленіп жатыр.
Өңіріміздегі енгізілген карантин режиміне қарамастан жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздарды жұмысқа орналастырумен айналысып келеді. Кейбір тұрғындар біздің онлайн форматта ұсынып отырған мүмкіндіктерімізде толық меңгермегендіктен көпке дейін жұмыссыз отырып қалған деп ойлаймын.
Қаламызда карантин режимі күшейтілген кездері біздің орталыққа адамдарды кіргізіп, қабылдауымызға тиым салынды. Сондықтан біздің мамадар жұмыс іздеушілермен онлайн жұмыс жасады.
Соның арқасында көптеген жандар екі қолға бір күрек тауып, жұмыстарын жалғастыруда.
Қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығында газэлектродәнекерлеуші, көлік жүргізуші, қарапайым жұмысшы, жолда салатын жұмысшылар, сылақшы, құрылыс мамандары, көлік слесарі сынды бос жұмыс орындары бар. Жұмысқа орналасам деген адамға орталыққа келіп, құжаттарын тапсыруға болады. Қаламыздағы карантин режимінің жұмсартылуына байланысты біздің есігіміз тұрғындар үшін айқара ашық. Олар орталыққа келіп, мұндағы мамандармен жолығып, қалаған жұмыстарын таба алады.
Сондай-ақ олар жұмысқа орналасу үшін үйлерінен шықпай-ақ жұмыс іздеуші ретінде бірінші кезекті Egov.kz сайтына тіркелуі керек. Сонымен қатар Қостанай қаласының жұмыспен қамту орталығының 8(7142) 52-20-44, 52-20-43 телефон нөмірлеріне хабарласып, мамандардан толық мәлімет ала алады, алуға болады, – дейді.
Қазіргі таңда іздеген жанға жұмыс қат емес. Тек оны қай жерден, қалай іздеу керектігін білу керек. Аталмыш орталықтың мамандары жұмыс істесем деген жанға кез-келген уақытта көмектесуге дайын. Сондықтан еңбек еткіңіз келсе жұмыспен қамту орталығына келіп, мамандармен жолығыңыздар.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77