Өңірімізде енгізілген жаңа карантиндік шектеулер көпшілікке ой салса керек
Осыдан бір жыл бұрын коронавирус жұқпалы дертінен қаншама етжақындарымызды жоғалтқан едік. Кеудеге түскен вирустың емі болмай жерлестеріміз үш күннің ішінде дем жетпей алды артына қарамастан о дүниеге кете барды.
Ауруханаларда жасанды демалдыратын құралдар да жетіспей, қауіпті дертке шалдыққан жандарға дер кезінде медициналық көмектің көрсетілмегенін де айтып қайғырдық. Бұл қауіпті дерт бүгінде көпшіліктің көкейінде үлкен қара дақ қалдырғандай.
Жасы үлкен қарияларды айтпағанда, дені сау жастардың да аяқ астынан қалпақтай ұшып, ауруханада ауыр жағдайда жатқанында есеңгіреп қалған едік. Сол кездері елімізде жетіспей жатқан жасанды демалдыру құралын іздеп кеткеніміз де жасырын емес. Еліміздің атқа мінер азаматтары халқым кеудеге түскен вирустан қырылып жатыр деп шыр-пыр болып шет ел асып, жасанды демалдыратын құралдар әкеле бастады.
Әлеуметтік желіні ашып қарасаң болды, тисілі ем көрсетілмей жағдайы ауырлап жатқан жандардың туыс-туғандары көмек сұраған бейне жазбалар бірінен соң бірі шыға беретін.
Міне, басымыздан осындай тауқымет өтті. Халық аз да болса той тойлап, қыдыруды тоқтатты. Бұл аурудың емі барма, ол қашан пайда болады деп зар қақты. Осы қиын жағдайдан кейін әлем болып осынау қауіпті дерттің бетін қайтаратын екпі ойлап табуды қолға алды.
Солардың біріншісі болып Ресей елінің «Спутник-V» екпесі қолданысқа енгізілді. Кейін елімізде жасалған QazVac екпесі пайда болды. Қауіпті дертті жұқтырып ауырып қалудан қорқатын халық екпе қабылдауға асықты.
Бірақ бәрі емес. Бүгінде екпе алуға үлкен қырсылық танытып отырғандар жетерлік. Оларға екпенің қаншалық пайдалы, ең бастысы өмірін сақтап қалу үшін маңызды екені де жан-жақты айтылып жатыр. Осыған қарамастан ойлап табылған екпеге сенбейтіндер, ағызаларына бөгде сұйықтықты енгізуге қарсылықтарын танытуды қояр емес.
Осы ретте біз қалалық №1 емхананың эпидемиалог дәрігері Айнұр Абдибекованы сөзге тартқанымызда, ол:
-Мен дәрігер ретінде жұқпалы дертке қарсы екпе алуға кеңес беремін. Өйткені, ауаға енген вирус ешқашан толық жойылмайды. Сондықтан бұған қайрсы егілмеген жандар кез-келген уақытта ауырып қалуы мүмкін. Қауіпті дертке қарсы екпе алғанда адамның ағызасында иммунитет қалыптасады.Ал иммунитет кез-келген ауруға қарсы тұрады. Сондықтан қала тұрғындарын коронавирус дертіне қарсы екпе алуға шақырамын, – дейді.
Иә, күні кеше ет жақындарын жоғалтқан халықтың қауіпті дертке қарсы екпеден бас тартып отырғандары түсініксіз. Жасырын емес өңірімізде шілденің 5-нен осынау жұқпалы дертке байланысты жаңа карантиндік шаралар енгізілді. Бұл бірінші кезекте өңіріміз бойынша қауіпті дертке шалдығушылардың санының артқанын көрсетсе керек. Сондықтан бүгінде жергілікті тұрғындардың толық коронавирусқа қарсы екпе алғандары маңызды болып отыр.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77