Еріктілер жануарларға арналған баспанада біраз уақыт өткізді, жануарлармен ойнап, оларды тамақтандырды. Оған қоса төрт аяқты достарына тамақ, ет және оларға керек жарағын апарып берді
“Надежда плюс kst” көмек қорының қызметкерлері қонақтарға өздерінің қол астындағы иттер мен мысықтар туралы айтып берді. Қазір бұл жерде 150 мысық пен ит бар.
– Әркімнің өз тарихы бар. Көбісі көшеде қараусыз қалады. Сондай-ақ, итті бір бөтелке араққа айырбастайтын жайттарды кездестірдік, бірақ ол жануар асыл тұқымды болды. Егер біреу итті немесе мысықты алып кеткісі келсе, біз алдымен адамның жануарды күтуге қажетті жағдайлары бар-жоғын тексереміз. Осылайша, біз барлық сұраған жанға жануарларды бере алмаймыз, өйткені олар бізге қайтып оралатын кездерде болады, – деді төрағаның орынбасары Ольга Соловьева.
Қор өкілдері олардың басты міндеті – қараусыз қалған жануарларға арналған шұғыл көмек бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, олардың иелерін емдеу және іздеу екенін тағы да атап өтті.
Материал “Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі “ММ тапсырысы бойынша”Қостанай қаласында волонтерлік бастамаларды дамыту (Қостанай қаласында волонтерлікті дамыту) арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге жұртшылықтың қатысуы”жоба аясында дайындалды.
Аяжан СЕРIК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77