Жастардың таудай талаптары көңіл қуантады
Елімізде «Жас Өркен» сыйлығы үшінші рет өткізілуде. Ал қостанайлық балалар үшінші рет осы сыйлықтың жеңімпаздары мен лауреттеры болып отыр. «Жас Өркен» республикалық сыйлығын 2019 жылы «Жылдың Халық сүйіктісі» Қазақстандық ұлттық сыйлығы аясында «Республика-Өңір-Даму» қоғамдық қоры тағайындады және ол қазақстандық қоғамдастықтың назарында болған балалар мен балалар ұйымдарына танымалдылығы мен құзіреттілігі үшін беріледі.
2021 жылы дауыс беру қорытындысы бойынша үш оқушы «Жас новатор», «Жас актер», «Жас ақын» номинациялары бойынша гран-при жеңіп алды, екі оқушы «Жас блогер», «Жас волонтер» номинациялары бойынша лаурет атанды.
Үлкен додада жеңіске жетіп, өңіріміздің атын шығарған оқушыларды атап өтсек, Арсений Самойленко Дарынды балаларға арналған «Білім-инновациясы» лицей-интернатының тәрбиеленушісі «Жас зерттеуші», Әулетбек Жүсіп Жангелдин ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы «Жас дарын», Бекзат Әмірхан Жангелдин ауданындағы Қ.Жармағанбетов атындағы жалпы білім беретін мектебінің шәкірті «Жас ақын» номинациялары бойынша гран-приді жеңіп алды.
Ал Валерия Радченко Қостанай қаласындағы Балалар шығармашылық мектебінің шәкірті «Жас блогер», Устинья Леванова Қарабалық ауданындағы Тоғызақ жалпы білім беретін мектебінің оқушысы «Үздік ерікті» номинациялары бойынша лауреат атанды.
-«Жас Өркен» республикалық сыйлығы 2019 жылы Қостанай қаласында өткен болатын. Онда еліміздің әр өңірінен дарынды да талапты оқушылар жиналған еді. Былтыр 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты онлайн форматта ұйымдастырылған еді. Биылда онлайн режимде өткізілді.
Қазіргі таңда балалардың алдарына қойған талаптары зор. Олар заманға байланысты тың салаларды игеріп жатыр. Мысалы, қазіргі ғаламторды пайдаланып, әлеметтік желілер арқылы жұмыс істеу қарқынды дамып келеді. Осы ретте мектепте оқып жүріп, өзін жеке блогер ретінде қалыптастырып үлгерген оқушылар да бар. Солардың бірі республика бойынша алға шығып, жеңімпаз атанып жатыр.
Жастардың осылай заман ағымымен жүзіп, жан-жақты болып қалыптасып келе жатқаны қуантады, – дейді «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының басшысы Гүлнар Укина.
Бүгінгі білімді жастар еліміздің жарқын болашағы емес пе.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77