Тұңғыш Президент күніне арналған онлайн кездесуде жастар өздерінің ойларымен бөлісті
Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Жастар – мемлекеттік тілдің тірегі» тақырыбында онлайн форматында кездесу өткізді. Іс-шараға басқарма басшысы Гүлжан Мендекинова, облыстағы қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтарының қызметкерлері, белсенді жастар қатысты.
Кездесу барысында, Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова іс-шараға қатысып отырған жастарды құттықтады.
Шараға қатысқан жастар өз ойларымен бөлісті. Мысалы, Қостанай облысы Полиция департаментінің ақпараттандыру және байланыс басқармасының инженері, полиция аға лейтенанты К.Гартман «Мемлекеттік тілді білудің пайдасы туралы», Рудный қаласының Бейімбет Майлин атындағы мектеп гимназиясының ағылшы тілінің мұғалімі С.Кеулхосов «Үш тілді білудің пайдасы туралы», Қостанай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Д.Ахметбек «Еліміздегі тіл саясатының бағыттары туралы», Лисаков қаласы «Акцент» телеарнасының журналисі Ж.Қашқынбаева «Мемлекеттік тілдің БАҚ арқылы насихатталуы туралы», Арқалық қаласының Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжнің студенті Л. Васецкая «Қазақ тілді қалай үйренгені туралы», Сарыкөл ауданының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Б.Нәби «Тілдерді оқыту орталықтарының азаматтарды қазақ тілін үйретуге қосып жатқан үлесі туралы» баяндамаларын көпшілік назарына ұсынды.
Рудный қаласының Бейімбет Майлин атындағы мектеп гимназиясының ағылшын тілінің мұғалімі С.Кеулхосов «Жастардың Алтын кітабы» жобасына сәйкес үш тілді жетік меңгерген (қазақ, орыс, ағылшын) мектеп оқушыларына арналған «Біздің болашақ» деген номинация қосылса екен деген ұсыныс білдірді. Сарыкөл ауданының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Б.Нәби: Жаңа әліпби жобасын ілгерілету үшін, оны көпшілікке насихаттау үшін әлеуметтік желілерде бірыңғай #QostanaiLatyn немесе #QostLat хэштэгымен посттарды латын графикасында жазуды ұсынды. Баяндамышылардың бірқатар ұсыныстары мен пікірлері талқыланып, үндеу қабылданды.
– Бұл онлайн кездесудің мәні зор болды. Өйткені, әр саланың мамандары өздері жұмыс барысында қолданатын мемлекеттік тілді қаншалықты білетіндіктерін көрсетті. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдері қазақ тілін қалай үйренгендіктері жайында баяндады. Мұнда қатысқан көпшілік қауым, жалпы тіл үйренудің тиімді жолдарын меңгерді деп ойлаймын,-дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменова.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77