События

Жоба аясында «Ұлттық дәстүрге негізделген отбасы психологиясы” семинары өтті

Жанашыр бол қоғамдық қоры мен Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсыры бойынша «Жастар арасында қазақ отбасының жағымды имиджін насихаттау» жобасы аясында түрлі семинарлар өткізілуде

Солардың бірі Қостанай қаласы Ғани Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінде мұғалімдер мен облыстық маслихат депутаты Кырмызы Жанбыршинамен кездесу өтті. Бұл кездесу «Ұлттық дәстүрге негізделген отбасы психологиясы» деп аталды.

Облыстық мәслихат депутаты отбасылық құндылықтар қаншалықты маңызды. Ол жерде ұстаздардың да рөлі бар екендігін атап өтті.

-Қазіргі мәселелердің бірі бұл оқушылардың хиджаппен сабаққа келуі. Бұл дұрыс емес, кейбір баланы ата – анасы мәжбүрлейді емес пе. Біздің елімізде ондай жоқ. Екінші мәселе – ана тілі. Отбасы ішінде қазақ тілінде сөйлеген маңызды. Кейбір ата – аналар балаларын орыс мектептеріне береді. Өйткені, олардың өздеріне қиын болады деген ой мазалайды, – дейді облыстық мәслихат депутаты.

Одан да бөлек бірнеше мәселені қарастырып, мұғалімдердің сауалдарына жауап берді. Иә, шынымен де отбасы психологиясында мектептің орны бөлек. Ата-ана әр түрлі, олардың ұрпақ тәрбиесіне, мектепке көзқарасы да сан алуан. Қандай да мектеп болсын, әлеуметтік тұрғыдан бұл мәселені «Отбасы – оқушы – мектеп» үшбұрыштық жүйесімен жүргізгені абзал. Мұндай жұмыс «Отбасылық психологиялық таным» сабақтарын жүргізгенде, оң нәтижесін берері сөзсіз. Ол үшін, ең алдымең ата-ананың өзін-өзі тануына бағытталған тренингтер, өзіне баласының көзқарасын білдіретін тестілер мен психорефлекциялар жүргізіледі. Әрине, кез-келген ата-ананың өзі туралы, өз баласы туралы жоғары пікірде болуы заңдылық. Сондықтан, бұл жүмыстар бастапқы кезде ойын, сергіту сипатында жүргізілгенімен, кейінірек мән-маңызы, берері тереңдей түседі.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77