Социум

Жоба аясында тігін фабрика қызметкерлерін баспана туралы бағдарламалармен таныстырды

«Жанашыр бол» қоғамдық қоры “Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ” ММ бойынша “Жастар арасында қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау” жобасы аясында Отбасы банк қызметкерлерімен бірлесіп «Большевичка» тігін фабрикасының жұмыскерлеріне арнап түсіндірме жұмыстары өткізілді. Үй алуға арналған бағдарламалар туралы айтып, түсіндірді

– Барлық тұрғын үй мәселелері, мемлекеттік бағдарламалар біз арқылы, яғни тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы өтеді. Бізде әртүрлі бағдарламалар бар, түрлі санаттағы адамдар үшін, түрлі жастағы адамдар үшін, түрлі мамандықтар үшін. Отбасы банкі арқылы ең тиімді бағдарламалар өтеді. Сіздер үшін қайсы тиімді екендігін білу үшін жан – жақсы сұрастырып алу қажет. Қазіргі таңда «Қостанай жастары», «Шанырақ», «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» бағдарламалары бар, – дейді Отбасы банкінің кеңесшісі Тойжан Едресова.

Банк кеңесшілері барлық бағдарламалар жайында жеке – жеке айтып берді. Оған қоса, фабрика қызметкерлері бөлек жақындап, өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды. «Қандай құжаттар қажет?», «Кімге хабарласа аламыз?» деген сияқты сұрақтар жиі қойылды.

Аяжан СЕРІК,
фотоны түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77