Қазақстандағы туризмнің дамуы

Қазақстанда ішкі туризм соңғы жеті жылда 84,4%-ға өсті. 2019 жылы ел ішінде орналастыру орындарын 4,7 млн турист пайдаланса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 8,66 млн адамға жетті.

Туризмге инвестиция көлемі 1,26 трлн теңгеге дейін өсіп, жаңа қонақүйлер мен демалыс орындары ашылды. Мемлекет кәсіпкерлерді қолдап, Кендірлі, Катонқарағай және Зайсанда жаңа әуежайлар салуда. Теміржол вокзалдары жаңартылып, туристік инфрақұрылым дамып келеді.

Фестивальдар мен халықаралық концерттер де туристерді тартуға ықпал етеді. Сонымен қатар ұлттық парктерге келушілер саны артып, қауіпсіздік пен табиғатты қорғауға көңіл бөлінуде.

2024 жылы Қазақстан халықаралық туризм рейтингінде 119 елдің ішінде 52-орынға көтерілді. 2029 жылға қарай ішкі туристер санын 11 млн адамға жеткізу жоспарланған.

Негізгі мақсат — Қазақстанда саяхаттауды қолайлы, қауіпсіз әрі қолжетімді ету.

https://egemen.kz/news/miras-tolebaev-qazaqstandagy-ishki-turizm-kolemi-84-4-ga-osti

 

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.