Қостанайда жаңа стадион ашылды

Қостанай қаласындағы Притобольный саябағында бұрынғы стадионның орнына салынған жаңа спорт нысаны ашылды.

Салтанатты рәсімге облыс әкімі Құмар Ақсақалов, Азия чемпионы, жүгіру мектебінің негізін қалаушы Татьяна Нерознак және қала тұрғындары қатысты.

Аумағы 2,87 гектарды құрайтын стадионда жасанды төсенішті, өлшемі 102×68 метр футбол алаңы, әрқайсысы 500 орындық екі трибуна және әкімшілік-тұрмыстық ғимарат бар. Сонымен қатар 400 метрлік жүгіру жолы, волейбол және баскетбол алаңдары жабдықталған. Аумақ жарықтандырылып, қызметтік көліктерге арналған 30 орындық автотұрақ салынған.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, жаңа стадион жағалауды абаттандыру жұмыстарының жалғасы болып, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік береді.

– Бұл – бәріміздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Стадион қала тұрғындары арасында сұранысқа ие болып, мұнда спортпен белсенді айналысатындар көбейеді деп сенемін. Өйткені жүйелі түрде спортпен шұғылдану – денсаулық кепілі, – деді өңір басшысы.

Азия чемпионы Татьяна Нерознак жүгіру жолдарының халықаралық талаптарға сай жабдықталғанын атап өтіп, спортты дамытуға қолдау көрсеткені үшін облыс басшылығына алғысын білдірді. Оның айтуынша, жаңа алаң болашақ чемпиондарды даярлауға мүмкіндік береді.

Ашылу күні облыстық мектептер лигасының қалалық кезеңінде жеңіске жеткен №2 лицей мен физика-математика лицейінің командалары арасында жолдастық футбол матчы өтті. Ойынды облыс әкімі бастап берді.

Жаңа стадион қала тұрғындары мен жас спортшылар үшін жаттығуға, спорттық шеберлікті шыңдауға және жарыстарға дайындалуға арналған заманауи алаңға айналмақ.

Ұлту ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген Әбіл ДОЩАНОВ

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.