Рейтинг@Mail.ru
Мы в Одноклассниках Мы в Моем мире Мы в Твиттере Мы Вконтакте Мы в Фейсбуке
Электронная версия газеты
"НАШ КОСТАНАЙ"
(выходит: Вт. Четв.)
НАШ КОСТАНАЙ   1 от 06-01-2017
  10-01-2017 16:20
» назад   
Светлана Палей жайлы мөлтек сыр

Қарапайым кәсіп иесі

Светлана Палей жайлы мөлтек сыр

Қазақ басқа түссе баспақшыл дейді. Өйткені, өмір үнемі қуаныштан тұрмайды.


Мұны өз басынан өткерген адам ғана түсінеді. Менің бүгінгі кейіпкерім Светлана Палей де өткен жылдарда қаншама қиындықтарды жеңіп, қазіргі бақытты күндеріне қол жеткізді.


Әкесінен жастай айрылып, анасының тәрбиесінде өсті. Тіршіліктің ащысын да, тұщысын да бір кісідей түйсінді. Сондықтан ол ерте есейді. Сонау бала кезінен анасына көмектесіп, оның қас-қабағына қарады.


Шешесінің қадір-қасиетін ерте сезініп, өзгелерге жақсылық жасауға ұмтылды. Өз қатарынан қалмай бойжетті. Осындай талпыныстың арқасында үнемі алғы шепте жүрді.


Бұл күндері ол облыс орталығындағы талай білікті мамандарды түлетіп ұшырған экономикалық колледждің жатақханасында қарапайым ғана қызметкер болып жұмыс істейді.


Студенттердің екінші үйіне айналған орында қоғамдық тәртіптің қатаң сақталуына ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да болар ол әріптестерімен осында тұратын барша жастардың арасында өте беделді әрі абыройлы.


Өзі балалық шақтан темірдей тәртіпке әбден үйренген болатын. Бойындағы асыл қасиеттердің бәрін де кейінгі қыз балалардың бойына сіңіруге көп көңіл бөледі.


Кейбіреулерге жатақханадағы кезекшілік жеңіл болып көрінуі әбден мүмкін. Шын мәнінде ол өте жауапты жұмыс. Сондықтан өз қызметін бес саусақтай жақсы біледі. Жұмыс істейтін орнында айнадай тазалықтың сақталуына да айрықша назар аударады.


-Мамандықтың үлкен-кішісі жоқ. Әңгіме оны тиянақты әрі ерекше ыждаһаттылықпен атқара білуде. Таңертеңнен бастап жатақхананың есігі жабылғанша қырағылық танытып, осында тұратын жастардың бекітілген тәртіпті  сақтауын қадағалайды.


  Ол бір көрген адамға қатал болып көрінуі де ғажап емес. Сөйлесе келген кісі оның жүрегі нәзік, өмірден көргені мен түйгені мол, кіммен болсын тез тіл табыса кететін жан екендігіне көздері айқын жетеді.


Мәселен, онымен бірге қызмет атқаратын замандасы Гүлнәр Омарова ол жайлы былай дейді:


Өз басым оны біраз жылдардан бері білемін. Сондықтан оның көптеген асыл қасиеттеріне қанықпын. Көпшіл жан. Әділділікті пір тұтады. Шындықты бетке айтады.


Ақжарқын мінезімен баршаны бірден баурап алады. Студенттерге екінші аналарындай білген ақылын айтып, өмірден өз орындарын табуларына пайдалы кеңес беріп жатқаны.


Светлана Палей өз саласының білікті маманы. Қарапайым кәсіп иесі өзінің ізденімпаздығының, тиянақтылығының арқасында үлкен құрметке бөленді. Оған жаңа жылда да жауапты қызметінде табыс тілеймін.


Қарапайым ғана мамандықты жетік меңгерген ол отбасында ардақты ана. «Бала бауыр етің» демекші ұлы Алексейге кішкентайынан тағылымды тәрбие берді. Ол да анасының сенімін ақтады. 22 жастағы азамат үнемі өзін еңбекқорлыққа баулыған анасын қуанышқа бөлеуге тырысады.


Другие статьи этого номера



Поделиться в соцсетях:
Комментарии     (1-0) из 0
страницы:
страницы:
Оставить комментарий
Имя:
Текст сообщения:
Введите следующий код ( ) :




Последние комментарии
Версия газеты в PDF
Архив
Январь 2017
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31











Размещение рекламы на сайте газеты Наш Костанай. Тел.: 8 7142 54-03-01.










НАШ КОСТАНАЙ

О ГАЗЕТЕ

Рекламодателям

ПОДПИСКА

Контакты

Правила сайта

Перепечатка материалов (включая фото, видео и аудиоматериалы), размещенных на www.top-news.kz, разрешена только по соглашению с редакцией "НК". Без соглашения допускается только цитирование материалов с гиперссылкой (названием статьи в виде активной ссылки на адрес материала на сайте www.top-news.kz). E-mail: gazeta@top-news.kz; Телефон: 8 (7142) 54-62-46.
Яндекс.Метрика SeoMonitor.INFO - Сервис проверки доменов
© 2012-2017 Газета "НАШ КОСТАНАЙ"