Культура Новости

«Алтын микрофон» иегері анықталды

Бұл байқаудың биылғы жеңімпазы жерлесіміз Ясмин!

Өңірімізде 17 мәрте өткізілген «Алтын микрофон» конкурсы өз мәресіне жетті.Халықаралық вокал байқауына еліміз бен алыс-жақын шетелдерден келген жүзге тарта үміткер өздерінің бақтарын сынады. Үш күн бойы шаһарымыздың төрінде керемет ән қалықтады. Табиғатынан көмейлеріне әсем ән ұялаған бүлдіршіндер мен жеткіншектердің арасында өткен бұл дода өте тартысты болды.

Олардың ішінен шын дарынды айқындау да оңай соқпады. Халқымыз «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деп әрдайым үздіктің ішінен үздікті ғана таңдап айтқан. Бұл жолы байқауға қатысушылардың барлығы дерлік өздерінің бойындағы ерекше шабыт пен еңбекті байқатты. Сондай-пқ олар мұнда  сақадай сай келгендіктерін дәлелдеп бақты.

Өнер жарысын тамашалап келген қостанайлықтардың дарында балдырғандардан елімізді болашақта әлемге танымал өнер иелері шығатындықтарына көздері айқын жетті. Сонымен қатар өзге елдерден келген байқау қатысушыларының да өнеріне тәнті болды. Киелі сахнадан әуелете ән салған өнерлі жастардың болашаққа деген үміті мен өздеріне деген сенімі жиналғандардың көңіліне қуаныш ұялатты.

Міне, осындай керемет кештің куәгері болған біз де бей-жай қалдырмады. Осындай балғындардың өнерін тамашалауға арнайы келген қала тұрғын сөзге тартты. Солардың бірі Гүлмира Сәдуақасова, бізге былай деді:

-Мен мұндағы өнер көрсеткен бүлдіршіндердің бәрінің де өзіне тән ерекше даусы бар екенін байқадым. Жалпы, бәрі де вокалды жақсы меңгерген. Әндері еріксіз өзіне баурайды.

Маған бұл байқау қатты ұнады. Биыл да жоғары деңгейде ұйымдасытырылыпты. Алдағы уақытта да көптеген өнерлі балғындардың бағын жағады деген үміттемін.

Байқау болған соң жеңімпаз да болатыны анық. Сондықтан осы гала-концертте 7-10 жас аралығындағы топта елордалық Жасмин Тілеуімбетова бірінші орынды иеленді. Литваның Каунас қаласынан келген Станкевисите Миледжа 11-13 жастағылар арасында үздік деп танылды. Болгариялық Александра Златева жасөспірімдер (14-17 жас) ішінен топ жарды.

Ал 18 бен 21 жас аралығындағы ән доданың бірінші жүлдесін алматылық Фараби Сұлтанов жеңіп алды.

Халықарылық «Алтын микрофон-2019» байқауының биылғы жеңімпазы – жерлесіміз Ясмин Ибраева (Қостанай қаласы). Осы кеште облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев Гран-при иегеріне диплом мен ақшалай сертификат табыс етті.

Тағы бір айта кететін бір жай, Ясмин Франция астанасында өткен ХХVІІІ фестивалінде жеңімпаз атанып келген болатын.

«Наш Костанай» газетінің атынан Ясминге өнерің өрге жүрсін деген тілегімізді білдіреміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77