«Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» атты рухани кеш өтті
Күллі қазақ еліне танымал айтыскерлер Қазақстан қалаларын аралап, жырдан шашу шашуда. Талдықорған қаласынан басталған «Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» атты республикалық тур барлығы 22 шаһарды аралайды. Тобыл өңіріне табан тіреген өнер майталмандары «Мирас» мәдениет сарайында өткен рухани қазынаға толы кешті, қостанайлықтарға тарту етті.
Өңірімізге өнерлерін ала келген республикалық турда есімдері елге кеңінен танымал Балғынбек Имаш пен Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов, Сара Тоқтамысова және қастерлі өнерімізді көпшілікке насихаттап жүрген жас буын өкілдері же өнерлерін ортаға салды. Мәдениет министрлігі жобаға қолдау білдіріп, әр аймақта ұлттық өнеріміз дәріптелгенін көздейді.
Кең көлемде сипат алған бұл жобаның мақсаты – ел арасында ұлттық өнерді жан-жақты насихаттау. Елбасының, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында басты назарға алынған дүние, қазақ халқының төл өнеріне, фольклорына қатысты. Әсіресе, айтысқа айрықша басымдық берілген.
– Бұл жобаның ерекшелігі Қазақстанда тұңғыш рет өткізіліп отыр. Өйткені бұған дейін қандай да бір үлкен ұжымдар, концертік ұжымдар, театр, әзіл-сықақ ұжымдары гострольдік сапармен Қазақстанның барлық өңірлерін аралғанмен, айтыскер ақындар бұлай тұңғышы рет аралап отыр. Бұған дейін айтыс әр өңірде өтсе де, бірақ жалпы барлық өлкені қамтып айналып шыққан ақындардың көші жоқ. Сондықтан да бұл жобаның ерекшелігі осында. Мақсатымыз – «Ұлы даланың жеті қыры» аясында, айтысты, ақындықтың қыр-сырын насихаттау,-дейді ақын Балғынбек Имаш.
Бұл жоба аясында тек қана айтыс өнеріне басымдылық беріліп қана қоймай, қоғамдық сананы жаңғырту барысында айтыс өнерінің қазіргі заман талабына қалыптасуы, жаңғыру аясында жаңаруына нендей үлес қосатыны түсіндірілді.
– Айтыс бұл шығармашылық кештің бір бөлігі ғана. Тұтастай айтыс деп қарастыруға болмайды. Бұл жерде тақырыптың өзі айтып тұрғандай, ақындардың шығармашылығынан, жеке шығармашылығынан таныту. Халық ақындарды тек айтысқан сәттерінде ғана көреді де, басқа қырырынан тани бермейді. Сондықтан бұл жерде өлең оқылады, ақындардың әнге жазған сөздеріде өздерінің орындауында шырқалады,-дейді ақын Жандарбек Бұлғақов.
Рухани және мәдени сипатта көрініс тапқан шараға келген көрермен көңілдеріне көп нәрсені түйіп қайтты. Өйткені кеш барысында тағылымды өлеңдер оқылып, санаңызға салмақты ой тастайтын пайымд, парасатты даналық әңгімелер айтылды. Кеш жоғарғы деңгейде өткендігін жиылған көрерменнің ыстық ықыласынан байқауға болады.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Николай Савченко
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77