Бұл жерде олар бір-бірімен әңгіме-дүкен құрып, уақыттарын көңілді өткізді
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Науырзым ауданы Қарамеңді ауылының еңбек ардагерлерін қонақжайлықпен қарсы алды. Ардагерлерді Науырзым ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Тумырза Қоржынбаев бастап келді. Музей қызметкерлері қонақтарды Қостанай облысының бай тарихи-мәдени мұрасымен таныстырды.
-Ардагерлер үшін тағылымы мол экскурсияның маңыздылығы жоғары болды. Олар музей ішін аралап, көптеген құнды дүниелермен танысып, бір-бірімен әңгіме-дүкен құрып, көңілдері бір көтеріліп қалды. Бұл кісілер үшін шынайы көңілден артық ештеңе жоқ әрине. Сондықтан аға буын өкілдерінің бір уақыт бір-бірлерімен кездесіп, өздеріне жаңа мәліметтер алатын орындарға барған пайдалы болса керек, – дейді музей қызметкері Назима Оташева.
Расында да, қариялар үшін бір мезгіл өткен-кеткенді еске алып, қауқылдасып қалғаннан артық ештеңе жоқ.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77