Біздің Қостанай Социум

Қостанайлық жетігеншілер Түркия мемлекетінен Бас жүлдемен оралды

Облысымызға алғаш рет жетіген аспабын насихаттап, бүгінде жас жеткіншектерді аталмыш өнерге баулып жүрген талант иесі Әсем Искакованың жетекшілігімен қаламыздағы “Айсұлтан” өнер мектебінің тәрбиеленушілері Халықаралық байқаудан Гран-при иеленіп қайтты.

Олар Түркия мемелекетінің Стамбұл қаласында өткен “Түркі әлемінің жарқыраған жұлдызы-2023” байқауына алғаш рет қатысып отыр. Қатысушыларымыздың жасы небәрі 10-12 жаста болғанымен өздерімен сайысқа түскен басқа елдерден келген 15-16 жастағы жасөспірімдерден оза шауып, ерекше өнерлерімен көзге түскен екен.

Байқаудың бас жүлдесіне ие болған жетігеншілер Анталия қаласында өтетін Халықаралық байқауға жолдама және бес жұлдызды қонақ үйде бір апталық тегін демалысқа жолдама ұтып алды.

– Қыздарыммен мақтанамын, олар еңбегімнің жемісін көрсетіп, үмітімді ақтады. Әлі де талай шыңдарды бағындыратынымызға сенімім мол. Осы байқауға қатысуымызға қолдау білдірген “Айсұлтан” өнер мектебінің басшылығы мен ұжымына және ата-аналарыма шексіз алғысымды білдіремін. Шет елде өнер көрсетіп, көп ортадан суырылып шығып бас жүлдені жеңіп алу біз үшін үлкен жетістіктің бірі, – дейді жетігеншілер тобының жетекшісі Әсем Құрманғазықызы.

Біз де өз тарапымыздан еліміздің намысын өзге елдің төрінде қолдан бермеген өнер иелерін жеңісті сәттерімен құттықтаймыз!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77