Социум

Жастар сарайында Президенттік Жастар кадрлық резерві 3.0. бойынша кездесу өтті

Бүгін Президенттік жастар кадр 3.0. резервіне іріктеу мәселелері бойынша жастармен кездесу болды. Қатысушылар бұл бастаманың нені білдіретіні және оның жас мамандарға қандай мүмкіндіктер ашатыны туралы маңызды түсініктемелер алды. 100 –ден астам жас мамандар кезкедуге қатысты

Қызықтыратын сұрақтарды қойып, іріктеу мәселесі жайында толық ақпарат ала алды.

– Бұл жобаның арқасында біз жастарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Тіпті жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектерге де арналған бағдарламалар легі бар. Жастар біздің болашағымыз, кез келген проблемаларды, мысалы, жемқорлыққа төтеп бере алатын жаңа тыныс бұл – жастар, – дейді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Салыкбаев.

1 қыркүйекте Қазақстанда президенттік Жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу басталады. Іріктеуге В1 деңгейінен төмен емес мемлекеттік тілді меңгерген, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады.  Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2023 жылдың 1 қыркүйегі мен 25 желтоқсаны аралығында жалғасады. Оның қорытындысы бойынша резервке үздік 50 үміткер іріктеледі. Резервте болу мерзімі-3 жыл. 6 бағыт бойынша өтінім жіберуге болады. Осы кезеңде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпей-ақ әртүрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін. Жобаға қатысуға өтінімді сайтта 1-30 қыркүйек аралығында беруге болады pkrezerv.gov.kz.

Аяжан СЕРІК,

суретті түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77