Қазіргі кезде Қазақстандағы басты проблемалардың бірі – Мемлекеттік тіл
Өкінішке орай, Тәуелсіздігімізге 32 жыл болсада, тілдік проблема күні бүгінге дейін шешімін таппай келеді. Жүрегі “қазақ” деп соққан әр азамат тіл мәселесіне бей-жай қарамайтыны анық. Сондықтан көкейде “не себепті тіл мәселесі проблемаға айналды?”, “қалай тілімізді көркейтеміз?”, “тіліміздің дамуына қандай үлес қоса аламыз?”, деген сұрақтар болуы керек. Өзіміз жауап беріп көрелік. Шынымен де неге тіл мәселесі әлі шешімін таппай, проблемаға айналды? Иә, біріншіден орыстардың отарында отырғанымыз себеп. Міне, осынған байланысты бірнеше уақыттан бері қаламыздың жастары қазақ тілін, қазақша контентті қолға алып жүр. Қазақша ойындар өткізіп бастады. Әдетте «Мафия» ойының орыс тілінде ойнайтын еді.
– 20 – дан аса адам қатысты, орын саны шектеулі еді. Келем деушілер саны көп болды. Алдағы уақытта тағы өткізу ойда бар. Бұл тек қана ойнап кету емес, осы Қостанай қаласында қазақи жастар ортасын құру басты мақсат. Тағы қазақша стендап өткізгіміз келеді, – дейді іс шара ұйымдастырушысы Байболат Сегізбаев.
Қазіргі таңда Қостанайда қазақша контент дамып келеді. Оны қолға алған жастардың жұмысы байқалып жатыр.
– Қазақша мафия өте керемет өтті. Егер тағы болатын болса, келмеген адамдардың барлығына келуді ұсынамын. Жаңа таныстар мен ойыннан жақсы әсер алдық. Оған қоса сыйлықтарда болды, – дейді ойынға қатысушы болып келген Мадина Нағашыбай.
Ойынға қаламыздың студенттері мен басқа да жастары қатысты. Олар алдын ала әлеуметтік желіде шыққан постерді көріпп ойынға тіркелді. Енді келісі ойынға баратындардың саны өте көп болатындығына сенімдіміз.
Аяжан СЕРІК,
сурет ұйымдастырушыдан алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77