Культура

Қостанай төрінде жастар ұжымының мерекелік ән шашуы өтті

Әсем ән шырқалып, әншілер көрерменнің ыстық ықыласына бөленді

«Қала күні» мерекесін барлық қала тұрғындары сезіну қажет. Сондықтан қаланың әр аймағында мерекеге орай түрлі ойын-сауық және спорттық шаралар өткізіліп келеді. Ал бүгінгі мерекелік бағдарлама тұрғындарды одан әрі біріктіргені сөзсіз. Мерекелік шара барысында әсем әуендер шырқалды. Қаланың жарық жұлдыздары өз өнерлерін көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді. Қала тұрғындары да шат-шадыман күй кешті.

– «Қала күні» барлық қостанайлықтар үшін ең жарқын мерекелердің бірі. Бүгін «Street music» жастар ұжымының концертін ұйымдастырдық. Әр түрлі салада жұмыс істейтін шығармашылық адамдар өнерлерімен тамсандырды. Оған Виктор Федянин, Ольга Ярош, Ксения Вайберг, Ольга Янкова, Екатерина Смирнова, Дана Мырзағалиева, GIZOO және RVMESH дуэті қатысты. Бұл іс-шараға 1 ай көлемінде дайындалған едік. Тұрғындарға арналған мерекелік ән шашу көңілдерінен шықты деген сенімдемін, – деді «Мирас» қалалық мәдениет сарайының көркем жетекшісі Валентина Степанова

Мереке-отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді қолдауға, қазақстандықтардың достығы мен ұлтаралық келісімін нығайтуға ықпал етеді. «Қала күні» мерекесі жалпыхалықтық сипат алып, жұртшылық асыға күтетін мерекеге айналды. Өйткені, жыл сайын қала тұрғындары бірігіп, ынтымағы нығая түседі, сондай-ақ маңызды оқиғалардың куәсі бола алады. Бүгінгі іс-шараның ойдағыдай өтуіне қаланың әншілер ұжымы ұйытқы болды. Орталық алаңды думанға бөлеген көркемөнерпаздар мен өнер ұжымдарының берген концерті көпке дейін көпшілік көкейінде қалатыны анық.

– Мен ән айту өнерімен 19 жасымнан бастап айналысып келемін. Сондай-ақ, «New Amsterdam» атты құрамда ән айтамын. Орта жас тұсында бойымда әнге деген құштарлық сезімі болған соң, музыкалық мектепті тәмамдаған едім. Ән тұла бойымды құлаш сермегендей жарқын сезім қалдырады. Бүгін жиналған жұртшылық тындаған әндерден ляззат алды деген ойдамын»- деп атап өтті Ольга Ярош.

Дильназ ИЗДЕЛЮЕВА, фото түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77