Социум

Аяжан СЕРІК: “Жұмыссыздық белең алып барады”

Қазіргі таңда жастардың, яғни, жоғарғы оқу орының бітіргендердің бірінші мәселесі жұмыс табу

Барған жерінде тәжірибе керек деген сөзді естиді. Кем дегенде ең төменгі жалақыны құрайтын жұмыс таба алады. Алайда, азық-түлік, жалға алынған тұрғын үй және басқа да сұраныстар бей-жай қалады. Жастарға арналған бағдарламамен жұмысқа тұруға болады дейтін шығарсыз. Бірақ бұл жерде де аз жалақы мөлшері қарастырылған. Бұл орайда оқу орындары түлектерінің жұмысқа орналасып жатқаны жөнінде жарнамалап, беделін өсіруді көздесе, ұл-қызының бос жүргеніне алаңдаулы  ата-аналар  да аз емес. Алған мамандығы бойынша емес, табылған жұмысқа баруға мәжбүр болатындары қаншама. Мамандықты дұрыс таңдамау да кері әсерін тигізуде.  Осы арада, жұртқа жақсы мәлім, бірақ ресми түрде жасырын жатқан бір мәселені айта кетелік. Ол – есеп берудегі сәйкессіздік және кей мекемелер осы арқылы жастарды өтірік айтуға, яғни, жұмысқа орналасқаны жөнінде уақытша болса да жалған құжат жинауға мәжбүрлейді. Өз таныстарымның арасында бірнеше рет осындай жайттарды кездестірдім. Бірі жұмыспен қамту орталығы тауып берген жұмысқа барса, жалақысы ешқайда жетпейді. Ал, екіншісі өзінің мамандығы бойынша жұмыс таппай, сатушы болып жұмыс жасауда. Бұл жерде де айтып кететін жайт. Осы қарапайым мамандықтардың жалақысы әлде қайда көп болады. Иә, әрине бұл жерде көтірулі, преспектива деген атымен жоқ.

Екінші проблема сырттай оқып жүрген студенттердің қаншалықты пайызы өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрады. Осы ретте де олардың саны өте аз. Бірі кафеде администраторға дейін жетіп, жұмыс жасап жүрсе, бірі лото клубта жұмыс жасауда.

«Жастар – елдің болашағы, бәсекеге қабілеттіліктің маңызды факторы» екені анық, бірақ жұмыссыз жастар болашақта үлкен мәселеге айналуы ықтимал.

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77