Социум

“AlemРay” жүргіншілерді тағы бір әлекке түсірді

Бүгін қала халқы қала ішіндегі автобустарға жол жүру ақысын төлеу үшін банк карталарынан бірнеше секунд ішінде барлық қаржыларынан айырылып қалғандарын айтып шағымданды.

Бұл бүгін күндізгі сағат 15.20 шамасында орын алған. Бірнеше сағат ішінде бір топ халық “AlemРay” ЖШС Қостанай қалалық филиалына жиналып шағым білдірді. Бұл жердегі қызметкерлер операторларлық яғни, техникалық ақау болуы мүмкін екенін айтып ақталды. “AlemРay” ЖШС “Халық банкі” арқылы жұмыс істейтінін айтып, автоматты түрде алынған қаражат үш күнде қайтарылатынын айтты. Дегенмен, ашулы халықтың бір тобы жергілікті филиал директорының атына қаражаттарын қайтару туралы топтық өтініш тастады.

– Бүгін автобусқа бір рет төлем жасап 13 000 теңгем 100 теңгеден бірер минутта шешіліп жоқ болғанын көріп “AlemРay” филиалына келдім. Өтініш тастауға тура келді, – деді өзін Балдырған деп таныстырған қала тұрғыны.

Жан ШАЙМЕРДЕН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77