Новости Социум

«Ел болам десең, бесігіңді түзе»

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу – басты міндет

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр.

Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Құқықтық мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса қиын өнер. Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау жұмыстарының негізінде тек қана білімді болумен шектеліп қоймай, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардың жүрегіне барар кілтті таба білер ұстаз болу да маңызды болып табылады.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер бірден бір себеп болатын еді. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенің ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру – құқықтық сананың негізгі  белгілері болып табылады. Аталған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу-отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Осы мақсатта мектепте құқықтық кеңесте қарастырлатын  ата-аналар жиналыстары, дәрістер, заң қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер, ұстаздар тәжірибесімен ой бөлісулер, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер сияқты ата-аналармен тығыз байланыстағы жұмыс жолдары жоспарға сәйкес өткізіледі.

Жасөспірімдерді патриотизмге тәрбиелеп қана қою жеткіліксіз. Ол үшін ұлттық идеологияны күшейтіп, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дархан пейілін, ұлтжандылығын қайсарлығын насихаттап көрсете білуіміз керек. Сонда ғана жоғарыда айтылғандар жүзеге асып, өз Отанын сүйетін, абыройын асқақтата алатын шын мәніндегі жанашыр жалынды жастарды тәрбиелеуге мүмкіндік туады.

Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – біздің басты парыз. Сондықтан да, жаһандану үрдісі басым болып, батыстық өркениетке еніп келе жатқан қазіргі кезеңге жас жеткіншектерді жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухы негізінде тәрбиелеп, игі нәтижелерге жету жолында аянбай еңбек етейік.

Балнұр ҚАНАТҚЫЗЫ,

Сурет желіден алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77