COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

105618

Выздоровевших

110402

Зарегистрированных случаев

3581

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1796

Летальных случаев

Коронавирус Социум

Карантин режимі жұмсартылғанмен қауіп әлі сейілген жоқ

Сондықтан сақтық шараларын қатаңдата түскен жөн

Өңірімізде осы айдың 17-нен бастап бас санитарлық дәрігердің нұсқауымен карантин режиміне өзгерістер енгізілген болатын. Сауда орталықтардың, дәмханалардың, сән салондарының және басқа да қызмет түрлерінің жұмысына рұқсат берілді. Бірақ бұл құлашты кеңге жайып, жағадан алып отырған қауіпті дертті ұмытып, денсаулығымызға қауіп төндіріп, таңнан кешке дейін қыдырып жүру керек екен дегенді білдірмейді.

Бүгінде қаламыздағы барлық сауда орталықтар ашылып, жұмысын жалғастыруда. Олардың жұмыс уақытты таңертеңгі 10:00-ден кешкі 17:00-ге дейін.

Сондай-ақ қаламыздағы сұлулық салондары, массаж орталықтары, шаштараздар, мойынша, сауналар алдын ала жазылу бойынша жұмыстарына кірісті. Олардың жұмысы таңертеңгі 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жалғасады.

Қаламыздағы шағын дәмханалар да жұмыс істей бастады. Бірақ дәмханаға келушілерге ашық аспан астындағы орындарда ғана қызмет көрсетіледі. Онда да келушілер саны 30-дан аспауы керек.
Киім-кешек сататын жабық сауда орындарының да жұмыс жасауына рұқсат етілді. Базарлардағы жабық дүңгіршектері де жұмысын бастап жатыр.

Мектепке дейінгі мекемелерде жұмысын жалғастырады. Осыған байланысты ата-аналар бала бақшаға балаларын апару үшін дайындық жүргізуде.

– Шаһарымызда үлкен сауда орталықтарының ашылғанын естіп, сауда жасау үшін бүгін шығып отырмын. Сауда орталықтарының ішінде адам көп болмаса да, сақтық шараларын қатаң ұстану қажет. Жалпы, менің ойымша қатты қажеттілік болмайынша мұндай адам көп келетін жерлерге бармаған абзал. Сонда да санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылы басталатын болған соң мектепке, бала бақшаға баратын балаларымды ертіп қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтар сатып алып жүрмін, – дейді қала тұрғыны Айдана Ақтамбетова.

Қазіргі таңда жоғарыда аталған нысандардың барлығы тұрғындарға қызмет етуде. Бірақ ондағы санитарлық талап қатаң түрде тексеріледі.

Мәселен, карантинге өзгеріс енгізілген күні көптеген сауда орталықтары тексерістен өткені белгілі. Олардың ішінде белгілі санитарлық нормаларға сәйкес келмегендері де кездесті. Оларға бұл олқылықтар уақытында жойылып, талап бойынша қызмет жасаулары керектігі жайында ескертулер жасалды.

Аймағымызда карантин режимі өзгергенімен сақтық шаралары алынып тапсталған жоқ. Көпшілік баратын сауда орталықтарында, сән салондарында, шаштараздарында, сақтық шараларын ұмытпау қажет. Сыртқа шыққанда немесе жабық кеңселерде міндетті түрде бетперде киіп, қолды залалсыздандыру керек. Өйткені, коронавирус дертін жұқтырған, немесе осы дерттің асқынуынан көз жұмған жандардың қарасы айтарлықтай азайып тұрған жоқ.

Сондақтан әр адам бірінші кезекті өзінің және туған-туыстарының өмірі тұрғандықтан сақтық шараларын сақтауы керек.

Сондай-ақ аталмыш сауда ораталықтары да, шаштараз, киім-кешек сататын жабық дүкендердің есіктері демалыс күндері жабық болады.

Бұл әлі де жақпалы қатерлі дерттен сақтану керек дегенді білдірсе керек. Карантин режимі шамалық жұмсартылғанмен толығымен алып тасталынбағанын, дерттің әлі де қауіпті екенін естен шығармайық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77