Образование

«Әліппе реформасы – рухани жаңғырудың өзегі» атты онлайн дөңгелек үстел өтті

Онда тіл мамандары баяндама жасады

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай, «Әліппе реформасы – рухани жаңғырудың өзегі» атты онлайн дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жоспарлау, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Кенжеғали Бимағанбетов, Қостанай қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Мадиярова, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандары және Қостанай қаласының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Дөңгелек үстелде орталық әдіскері Айнұр Нұрбекова «Латыннегізді әліпби реформасы: диакритикалық таңбалар мазмұны» туралы айтып қазақ әліпбиінің жаңа жобасымен таныстырды. №1 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Данияр Ихсан Президент Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы бойынша «Латын әліпбиіне көшу – дұрыс таңдау, сәтті шешім» атты тақырыпты мазмұнды баяндама жасаса, Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, жаңа әліпби бойынша эксперименттік алаң жетекшісі Меңтай Ергалиева мен эксперименттік алаң тобы «Латынға көшу – біздің тәжірибемізде» атты тақырыпта латыннегізді қазақ әліпбиі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті. Эксперименттік алаң тобының мүшелері бастауыш сынып мұғалімі Нұргүл Якупова «Менің тәжірибем – әдебиеттік оқу сабағында» «Конверт сұрақ», «Жәшіктегі кітаптар», «АВС» әдістерін, қазақ тілі мұғалімі Ұлзира Маткеева «Менің тәжірибем – қазақ тілі сабағында» «Бес бармақ әдісі» арқылы рефлексия тәсілін, математика мұғалімі Макпуза Оспанова «Менің тәжірибем – математика сабағында» формулаларға құрылған тапсырмаларды жасау жолдарын көрсетті.

Дөңгелек үстел соңында латыннегізді әліпбиді насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру, өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын өткізу жөнінде ұсыныстар айтылды.

А.Ташмағанбетова,
«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту әдіскері


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77