Облыстық мешітте «Бар жақсылық – балаларға» деген қағидамен оқушыларға оқу-құрал таратылды
Мына тіршілікте балалардың жүздері бал-бұл жанып, қуанып, шаттанғандарына ештеңе жетпейді.Мұны дін саласында жүрген азаматтар да жақсы түсінеді. Сондықтан болар, Қостанай облыстық мешітінің ұжымы жылда қалыптасқан дәстүр бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын биыл да тиісті деңгейде ұйымдастырды.
Жалпы биыл аталмыш шарасы аясында өңір бойынша 1000 балаға мектепке киетін киім-кешек, сабақ барысында қолданатын қажетті құрал-жабдықтар мен сөмекелері берілетін болатынын облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет атап өтті.
Облысымыз бойынша барлық мешіттерде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына қайырымдылық көмегін көрсете отырып, жаңа оқу қарсаңында табыс тіледі.
Өз кезегінде ата-аналар қауымы «Бар жақсылық – балаларға» деген қағиданы берік ұстанып, қашан да қол ұшын беруге дайын тұратын мешіттің Бас имамы мен барша қызметкерлеріне, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдеріне шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді.
-Мешіт тарапынан балаларға меткепке қажетті құрал-жабдықтар таратылды. Осылайша аз қамтылған отбасылардың балалары жаңа оқу жылына сақа дай сай болды. Қайырымдылық қайырымы бар іс. Сондықтан мешіт қызметкерлері жылда «Мектепке жол» акциясына белсенді қатысып, мүмкіндіктерінше көмекке зәру жандардың алғысына ие болып жатады,-дейді облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай.
Қайырымдылық жасай отыра біз айналамыздағыларға қуаныш сыйлаймыз.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77